Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Мамандық таңдау-ертеңді ойлау” атты коучинг
14
сәуір
2022

“Мамандық таңдау-ертеңді ойлау” атты коучинг

Мектебімізде 9 сыныптар арасында “Мамандық таңдау-ертеңді ойлау” атты коучинг өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдау да көмектесу,мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту,оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту.
“Мамандық таңдау-ертеңді ойлау” коучингі ерекше басталды. “Бақдаулеттің түсі” атты шағын қойылыммен басталды. Онда мектеп бітіруші Бақдәулет мамандық таңдау жолында қиналғандығы туралы, кенеттен түс көріп, түсінде түрлі маман иелерінің оған кеңес беруімен ерекшеленді. Екінші бөлімде әлемде 50 мыңға жуық мамандық түрі бар екені және жылына 500 жаңа мамандық қосылып отыратындығы туралы қызықты мәліметтер айтылып, баяндама оқылды. Сонымен қатар оқушылар топқа бөлініп мамандыққа байланысты түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы постер қорғады, пікірталас туғызды. Өзара пікірлерін білдіріп, бірінің ойын бірі толықтырып керемет, қызықты коучинг кешін өткізді. Атақты ғұлама Әл- Фараби:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,-деген екен. Егеменді еліміздің ертеңі-жақсы, білімді, парасатты маман иелері болуларыңызға тілектеспіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: