Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Интербелсенді әдіс" тақырыбында коучинг
11
қаңтар
2020

"Интербелсенді әдіс" тақырыбында коучинг

Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Ньюндің: "Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз" деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп отыруымыз керек. Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Осы орайда #67 жалпы білім беретін мектепте жас мамандарға арналған "Интербелсенді әдіс" тақырыбында коучинг өтті. Коучингте әдіскер ұстаз Абишева Айнұр жас мамандарға интербелсенді әдістердің түрлерін көрсетіп, әр сабақта тиімді әдістерін қолдану барысында оқушылардың оқуға, өз білімдерін саралауға, талдауға қызығушылықтары артатындығына тоқталды. Қызықты тапсырманы орындатып, қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру керек екендігін атап өтті. Жас мамандар коучингке белсене атсалысты. Қорытындылау кезінде жас мамандар "Алты қалпақ" әдісі арқылы пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қорытындылады. 
#67мектеп #коучинг

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: