Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні»
05
наурыз
2022
«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні»
Үстіміздегі жылдың 2-наурызында «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» мерекесіне байланысты «Ашық есік күні» аясында аудандағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының өрт сөндіру бөлімдеріне бару кестесіне сәйкес КММ №67 ЖОББМ оқушылары Алматы қаласы Алмалы ауданының №9 өрт сөндіру бөліміне барып, тәжірибеден өтті. Өз көздерімен көріп үлкен әсер алып, риза болып қайтты.
1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні
01
наурыз
2022
1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні
#67 жалпы білім беретін мектепте 1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай мектеп ұжымы және оқушыларын жер сілкінісі, өрт кезіндегі іс- әрекеттерге дайындау мақсатында оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Дабыл соғылып 1-11 сынып оқушылары толықтай мектептен шығарылды. АӘТД пәнінің оқытушысы Бабаканов Ринат Турарбекович алғашқы көмек көрсетіп, адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы барлық қорғаныс шараларын ұйымдастырды.
"Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен арнайы бейнетүсірілім әзірленді.
04
қараша
2020
"Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен  (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен арнайы бейнетүсірілім әзірленді.  Аталған әлеуметтік бейнеролик қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны , әлеуметтік желілер арқылы халыққа прасаттылық , адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.