Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әбдірасіл Дархан таеквондодан  1- орынды иеленді.
27
қазан
2022
Әбдірасіл Дархан таеквондодан 1- орынды иеленді.
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің  5ә - сынып  оқушысы Әбдірасіл Дархан таеквондодан  Қостанай  қаласында  өткен Республикалық ашық турнирге  қатысып 1- орынды иеленді. Спортты  серік етіп,  қызығушылықпен жеңіске  жетіп жүрген Дарханға  сәттілік  тілейміз!  Жеңісің құтты болсын, Дархан!
Бокстан Республикалық ашық турнир
17
қазан
2022
Бокстан Республикалық ашық турнир
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің бокс үйірмесінің  оқушылары  бокстан Республикалық ашық турнирге  қатысып, жеңспен оралды. 1,2,3 орын  алып, чемпион атанды. Ал командалық жарыста  3 орынға ие болды.  Жетекшісі Шадияр  ағайға  алғыс  айта  отырып,  бокспен  шұғылданып жүрген  оқушыларымызға сәттілік  тілейміз!
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
24
ақпан
2022
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
2022 жылғы 14-22 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне #67 мектептің оқушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11 "А" сынып оқушысы Ералханова Жанель 2- орын иеленіп, қалалық кезеңге өтті. (Жетекшісі: Шыныбаева Б.А. ) . Ал 9 оқушы әр пәндер бойынша 3- орын алды. Шәкірттерімізге "Биіктерден көріне беріңдер" деп тілек білдіреміз. Ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!  
«Зерде» шығармашылық және ғылыми жобалар байқауы
25
қаңтар
2022
«Зерде» шығармашылық және ғылыми жобалар байқауы
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің қалалық деңгейдегі «Зерде» шығармашылық және ғылыми жобалар байқауынан 3 «А» сынып оқушылары Жанболат Ая мен Емберген Көркем және 7 «Ә» сынып оқушысы Ертаева Зульфия жүлделі ІІ және ІІІ орындарға ие болды. Әріптестеріміз, бастауыш сынып мұғалімі Тұрсынғалиқызы Мөлдірді, физика пәні мұғалімі Қали Алтынды жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз! Мектеп ұжымы.
Байтөлеу Нұртуған "Алтын сақа" математикалық олимпиаданың қалалық кезең
23
желтоқсан
2021
Байтөлеу Нұртуған "Алтын сақа" математикалық олимпиаданың қалалық
#67 жалпы білім беретін мектептің 6ә сынып оқушысы Байтөлеу Нұртуған "Алтын сақа" математикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде көрсеткен ерекше жетістігі үшін мақтау қағазымен марапатталды. Шәкіртімізге "Биіктерден көріне бер!" деп тілек білдіреміз. Дайындаған Лесбаева Мөлдірге алғысымыз шексіз. Мектеп ұжымы.  
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдық мерекесі
13
желтоқсан
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдық мерекесі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдық мерекесіне орай Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектебінде "30 жылдыққа 30 марапат" ұйымдастырылған болатын. Оған"" Тұғыры биік Тәуелсіздік" такырыбында эссе жазу байкауы, "Тәуелсіздігіміз оқушы көзімен" тақырыбында сурет салу байкауы , мемлекеттік рәміздерді дұрыс айту мақсатында "Гимнді нақышына келтіре орындаушылар" байқауы, спорттық ойындардан эстафеталық жарыстар өткізіліп 15.12.2021 жылы қорытындыланды. Жеңімпаздар анықталды Сонымен
«Гимнді нақышына келтіре орындаушылар» атты 1-11 сыныптар арасында байқау
11
желтоқсан
2021
«Гимнді нақышына келтіре орындаушылар» атты 1-11 сыныптар арасында
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, Еліміздің тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында «Гимнді нақышына келтіре орындаушылар» атты 1-11 сыныптар арасында байқау өткізілді. Байқау нәтижелері: І орын 1 «А», ІІ орын 11 «Ә», ІІІ орын 3 «А» сыныптары марапатталды. Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіз Қазақстан оқушы көзімен» атты 1-6 сыныптар арасында сурет және қолөнер көрмесі
08
желтоқсан
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіз Қазақстан
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіз Қазақстан оқушы көзімен» атты 1-6 сыныптар арасында сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сурет және қолөнер көрмесінде сурет номинациясы бойынша І орын 3 «А», ІІ орын 5 «Ә», ІІІ орын 6 «А» сыныптары марапатталды. Аталған сыныптарды жеңісімен құттықтаймыз! 
5-6 сыныптар арасында өткен аудандық "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы
15
қараша
2021
5-6 сыныптар арасында өткен аудандық "Алтын сақа" математикалық
#67 жалпы білім беретін мектеп оқушылары 5-6 сыныптар арасында өткен аудандық "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының жеңімпаздары атанды.Олар: 6б сынып оқушысы Байтөлеу Нуртуған ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 5а сынып оқушысы Ермек Арнур мақтау қағазын иеленді.Байтөлеу Нуртуған қалалық кезеңіне жолдама алды. Ұстаздары Уринбоева Перизат пен Лесбаева Мөлдірді және мектеп ұжымын жеңісімен құттықтаймыз!