Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
тамыз
2017

Алғы сөз

 

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда.  Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізілуде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. «Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны», – деген Елбасы сөзі ұлтымыздың ұранына айналғандай.

Білім – адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат білімімен ғана басқалардан озады. Сондықтан заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов: «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», – деген.

Ұлттың білімі мен біліктілік сапасын анықтайтын орта – мектеп. Жас ұрпаққа  білім мен тәрбиенің сарқылмас көзі  мектепте беріледі.  Алматы қаласындағы  сондай білім мен тәрбиенің   ордасына айналып келе жатқан  мектептердің бірі  - №67 жалпы білім беретін мектеп.

Мектеп 1965 жылы  Ю.Гагарин атындағы орыс мектебі болып ашылған. 2012 жылы  күрделі жөндеуден өткеннен кейін  таза қазақ мектебі мәртебесін алды.

Білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры.

Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілік білікті мұғалім мен сапалы маманға байланысты.  Педагогикалық ұжымның   еңбегінің жемісі    мектептің   өрге тартқан   өмір көшінің алды болуынан көрінеді.

Осы жылдар ішінде  мектеп оқушылары да, мұғалімдері де білім, өнер, спорт саласынан   республикалық, қалалық, аудандық деңгейде жетістіктер көрсетті. 

Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену бар.  Қазақ мектебі болып тәй-тәй басып келе  жатқан   №67  мектептен  жыл сайын түлектер қанатын қағып жоғары  оқу орындарында білімдерін жалғастырып жүр.  Болашақ Қазақстанның білікті мамандары  болатыны сөзсіз. Сондықтан да ұлттық  тұғырын  берік ұстап келе жатқан   білім  ордасының өткені мен бүгінгі келбетін көрсететін   осы  сайт  көпшілік көңілінен шығады деп ойлаймын.

Құрметпен,

№67 ЖББМ КММ директоры Демеуова Бейбітгүл Нұрахметқызы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: