Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "2020-2021 оқу жылындағы оқу үдерісін ұйымдастыру туралы" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
22
тамыз
2020

"2020-2021 оқу жылындағы оқу үдерісін ұйымдастыру туралы" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Дүние жүзінде болып жатқан эпидемиологиялық жағдай білім саласына да  өз әсерін тигізуде. Осыған байланысты 2020/2021 оқу жылын қашықтықтан оқыту туралы шешім қабылданып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылдың 19 тамызы күні жалпыреспубликалық "2020-2021 оқу жылындағы оқу үдерісін ұйымдастыру туралы" тақырыбында  педагогикалық кеңес өтті. Осындай педагогикалық кеңес Алматы қаласындағы #67 жалпы білім беретін мектептің ұстаздар қауымына да онлайн түрінде жүргізілді.
Кеңесті  мектеп директоры ашып, "Жаңа форматтағы білім беруді ұйымдастыру" тақырыбында түсінік берді. Мектеп директорының орынбасарлары сөз алып, қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқыту платформалары, сабақты ұйымдастыру әдістемесі, баланы қашықтықтан оқыту барысында білім алуға ынталандыру жолдары туралы айтып, ұстаздармен ой бөлісті.
Ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісіп, қашықтықтан оқыту курстарынан алған білімдері негізінде туындаған сұрақтарға жауап берді. Мектеп басшысы кері байланыс беріп, педагогикалық кеңес  мұғалімдер үшін жемісті, әсерлі болып аяқталды.
Жаңа оқу жылында мектеп ұжымына , барлық ұстаздар қауымына шығармашылық табыстар, биік белестер тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: