Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы №67 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері де өз дайындықтарын осы сынама сабақтар кезінде көрсетті.
29
тамыз
2020

Алматы қаласы №67 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері де өз дайындықтарын осы сынама сабақтар кезінде көрсетті.

2020/2021 жаңа оқу жылына  дайындық биыл ерекше басталды. Ол жылдағыдай дәптер, қаламдарды  дайындаудан емес, ноутбук, планшетті түгендеумен басталды.  Мұғалімдер мен білім алушылардың дайындығын байқау үшін    тамыздың 24-28 күндері аралығында  сынама сабактар өткізілді. Алматы қаласы #67 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері де өз дайындықтарын осы сынама сабақтар кезінде көрсетті. Сынама сабақтары кезінде мұғалімдер “Zoom”-ды тиімді пайдаланды. Алайда, сабақ барысында кейбір оқушылардың дауыстары естілмей, техникалық ақаулар да орын алды. Мұндай жағдайда  мұғалімдер асинхронды жүйеге көшіп, “what's app” желісі арқылы қосымша тапсырмалар мен түсіндірме жұмыстарын, кері байланыстарын алып отырды.  Ұстаздар сабақтарын түрлендіру барысында BilimLend, online mektep сиякты платформаларды пайдаланып, бейне сабақтар,   логикалық тапсырмаларды экран бетіне шығарып ұсынып отырды. Алдағы уакытта бір жүйеге қалыптасып, сабақты сапалы өткізетініне сеніміміз мол.  Іске сәт, аяулы ұстаздар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: