Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп-бала-ата-ана үштігінің өзара ықпалдастығы" атты директорлық сенбі
19
қазан
2021

"Мектеп-бала-ата-ана үштігінің өзара ықпалдастығы" атты директорлық сенбі

Алмалы ауданы  #67 жалпы білім беретін мектеп ұжымы жаңа оқу жылында алғаш рет ата - аналармен қашықтықтан директорлық сенбі өткізді. 9-11-сыныптардың ата-аналарымен онлайн сұхбаттасып, көптеген сұрақтарға жауап алды. "Мектеп-бала-ата-ана үштігінің өзара ықпалдастығы" атты директорлық сенбіде қызу пікірлермен, ұсыныстар ортаға тасталды. Бұл онлайн сұхбаттың мақсаты:меткеп пен ата-ана ықпалдастығын нығайта отырып, тәрбие мен білімдегі олқылықтарды толықтыру.
Ата-аналарға сәттілік тілеумен сөз басын мектеп директоры  Бейбіткүл  Нұрахметқызы бастады. Бала барлық үлгі-өнегені өзі шыққан отбасы мен ата-анасынан алады. Оның азаматтық келбеті,мінез құлқы жанұядағы жандардың күшті ықпалымен қалыптасатыны туралы жеткізді. Сөз кезегін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаухар Сәбитқызы жастардың құқықбұзушылықтан, басқа да жат әрекеттен аулақ болу жолдарын айтып, ата -аналарға балалардың қадағалаусыз қалмауын тапсырды Жас шыбық қалай иілгіш болса,жас адам да сондай жақсыға да,жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім, сондықтан отбасы - тәрбие бастауы екені анық. 
 Ата- аналар көкейлеріндегі сауалдарына жауап алып, ризашылықпен, алғыстарын айтып тарады.  Баланың тәрбиесі мен білімі отбасы мен мектеп  ұжымының бірлесе  қадағалауынан  дұрыс жолға қойылады. Келесі онлайн сұхбатқа дейін аман болыңыздар!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: