Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық отбасы күні аясында қашықтықтан «Ынтымақты отбасы» атты отбасылық видеороликтер, ойындар, видеослайдтар ұйымдастырылды.
21
қыркүйек
2020

Халықаралық отбасы күні аясында қашықтықтан «Ынтымақты отбасы» атты отбасылық видеороликтер, ойындар, видеослайдтар ұйымдастырылды.

Халықаралық отбасы күні аясында қашықтықтан «Ынтымақты отбасы» атты отбасылық видеороликтер, ойындар, видеослайдтар ұйымдастырылды. Соған Алматы қаласы #67 жалпы білім беретін мектепте білім алатын 2 «А» сынып оқушысы Бейназар Шыңғыс пен 3 «А» сынып оқушысы Нағашыбай Диастың отбасы белсене катысты.
Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. М.Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн".  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады.   
Отбасы күні құтты болсын! Әрбір отбасы аман болсын! Шәкірттеріміз болашақтың тұтқасын берік ұстар, ақылды да парасатты, білімді де саналы ұл қыздары болып өсе берсін. Мереке құтты болсын!
https://www.facebook.com/100041743242748/videos/pcb.394601588607946/394601451941293/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: