Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Баланың бас ұстазы - ата-ана" тақырыбында жиналыс
17
қыркүйек
2021

"Баланың бас ұстазы - ата-ана" тақырыбында жиналыс

2021 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте 1- сынып оқушыларының ата-аналарымен "Баланың бас ұстазы - ата-ана" тақырыбында жиналыс  болып өтті. Бұл жиналыста отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға  тәрбиелік ықпалын арттыру мақсатында  әңгіме  қозғалды.  Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық 14 кеңес ұсынылды. Онлайн жиналысқа мектеп директоры  Бейбітгүл Нұрахметқызы қатысып, өз пікірін, ұсынысын  айтты. 
Жиналыс А.Құнанбаевтың: "Адамның адамшылығы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады" - дей келе, балаларымызға үлкен жауапкершілікпен қарап, жеке тұлғаның дамуына  ата - ана, ұстаз, оқушы үштігінің ықпалдастығы қажет екені түсіндірілді. 1сыныпқа келген оқушылардың ата - аналары алғашқы жиналысқа ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын ,өз пікірлерін  айтты. Алдағы күндерге сәттілік тіледі.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: