Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық консилиум
22
мамыр
2021

Педагогикалық консилиум

Бүгін 22 мамыр күні барлық мектептерде жалпыреспубликалық  ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.  Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектебінде  де ата-аналармен мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері  онлайн кездесіп жиналыс өткізді. Жиналысты мектеп директоры Бейбітгүл Нұрахметқызы   ата- аналарды, ұстаздарды ашық сұхбат алаңында ашық, шынайы пікірлесуге шақырды. Күн тәртібі  2 кезеңнен  тұрды. Бірінші бөлім ата- анага қашықтықтан оқыту кезіндегі окушылардың жетістіктері мен білім сапасы туралы айтылды. Екінші бөлімінде жеке ата- аналардың түрлі сауалдары мен жағдаяттардан шығу жолдары талқыланып педагогикалық консилиум өтті. Консилиум  1-4- сыныптар мен 5-11- сыныптар бойынша кезекпен ұйымдастырылды.
Консилиумға ата -аналар,пән мұғалімдер, әкімшілік мүшелері қатысып, оқу жылындағы барлық мәселелер талқыланды.Ата-аналардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.Ата-аналар  мектеп ұжымына алғыстарын  білдіріп, жаңа оқу жылына ұсыныстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.Мектептің мұғалімдер ұжымын, ата-аналарды және оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: