Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары
15
наурыз
2022

“Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары

 #67 мектебімізде 1-11 сыныптар арасында “Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: “Наурыз” мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ-халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Әр сынып “Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағатын түрлендіре отырып, ерекше атап өтті. Атап айтсақ бастауыш сыныптары сынып ішін түрлі көрнекіліктермен безендіріп, ұлттық ойын түрлерін ойнатқызып, бүлдіршіндерді таң-тамаша етсе, жасөспірімдер арасында ұмыт қалған қазақтың салт-дәстүрлері туралы керемет түсінік қалыптастырды. Сынып сағаты соңында бата беру дәстүрі бойынша оқушылар жаттап келген бата-тілектерін айтты. Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: