Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қош келдің, төрлет Наурызым!” атты сайыс кеші
18
наурыз
2022

“Қош келдің, төрлет Наурызым!” атты сайыс кеші

Бүгін мереке! Бүгін той! Олай деуге бастау болған себеп, шығыс халықтарына ортақ мереке Наурыз мейрамы. Ұлыстың ұлы күні төл мерекеміз біздің мектебімізде дүбірлеп өтті. 5-11 сыныптар арасында “Қош келдің, төрлет Наурызым!” атты сайыс кеші өткізілді. Мақсаты: наурыз мерекесін тойлау туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып жас ұрпақты болашақта өз дәстүрлерін білуге тәрбиелеу.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды.
I Ауыл аттарымен танысу.
II Салт-дәстүр бойынша өнер көрсету
III Бұрымдылар сайысы
Осы аталған сайыс кезеңдеріне барлық сынып тиянақты дайындалып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Ұмыт болып бара жатқан дәстүрімізді қайта бір жаңғыртты. Ұстаздар мен білім алушылар тойда ұлттық нақышта киім киді. Сайыс соңынан кейін мектебіміздің спорт залында оқушыларға арналған ұлттық ойындар арқан тартыс, асық ату, күрес т.б ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Ұлттық наурыз көжемізден дәм татып, барлық бала мәз-мейрам болып үйлеріне тарқасты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: