Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Цифрлық білім беру- заманауи оқытудың кілті» тақырыбында Республикалық семинар
29
сәуір
2022

«Цифрлық білім беру- заманауи оқытудың кілті» тақырыбында Республикалық семинар

Алматы қаласы, Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кабланбекова Гульмира Касымханқызының ұйымдастыруымен «Цифрлық білім беру- заманауи оқытудың кілті»  тақырыбында Республикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты- Цифрлық технологияның мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
Семинарға  республикамыздың әр аймағынан келген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. 
Семинардың ресми бөлімін  мектеп директоры Демеуова Бейбитгуль Нұрахметқызы мектептің жетістіктеріне тоқталып, семинардың мақсат- міндеттерімен таныстырып өтті. Семинардың бірінші бөлімінде Джумадилова Гульназ Оразалықызы мен Абишева Айнур Мұратбековна коучинг өткізді. Коучингте  цифрлық білім беру ресурстары– білімнің көрсеткішіне қарай, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бағдарламалық кешенді жүйе екендігіне тоқтала келе,   цифрлық технологиялар арқылы оқыту оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға бағыттап, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол аша алатындығын айтып өтті. Семинар барысында «Classtime»,   Classtools, Wordwoll, Wooclap цифрлық ресурстарды қолданды.
Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімі Тұрсынғалиқызы Мөлдір, математика мұғалімі Уринбоева П.Қ., химия мұғалімі Алимбекова Б., қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Айменбетова А.Т. ашық сабақтар көрсетіп,  кітапханашы Оспанова А., қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері: Бурлыбекова А., Отарбай Б. оқырмандар конференциясы өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс- шаралардың жоғары деңгейде өткендігін кері байланыс кезінде айтып, тілек ағашына өздерінің ізгі тілектері мен  пікірлерін қалдырды. Республикалық семинарда атсалысқан мектеп ұжымына алғыс білдіреміз!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: