Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беруде цифрлық технологияларды қолдану
20
сәуір
2022

Білім беруде цифрлық технологияларды қолдану

Алматы қаласы, Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте «Білім беруде цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында 20.04.2022 ж. күні мектепішілік семинар өтті. Семинарға барлық мұғалімдер қатысты. Семинардың мақсаты-тиімді цифрлық технологияларды оқу үдерісінде қолдану арқылы білім сапасын арттыру.
Семинарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кабланбекова Гульмира Касымханқызы және мектеп тренирі Джумадилова Гульназ Оразалықызы Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін түбегейлі жаңа мүмкіндіктер беретіндігін айта келе, цифрлық білім беру ресурстары — оқудағы көрнекіліктің жедел құралы және педагогтердің практикалық дағдыларын пысықтаудағы көмекші құрал екендігін көрсетті. Семинар барысында мұғалімдерге «Classtime» бағдарламасында жұмыс жасатып, цифрлық ресурстар білім беру процесі үшін тиімді екендігіне көз жеткізді. Сондай-ақ семинарда Classtools, Wordwoll, Wooclap, Trello цифрлық ресурстарды қолданды.
Семинардың практикалық бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Айменбетова А.Т., тарих мұғалімі Абишева А.М., математика мұғалімі Битанова А., және бастауыш сынып мұғалімі Елеубаева П.Ж. ашық сабақтар көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ашық сабақтардың жоғары деңгейде өткендігін кері байланыс кезінде айтып, әріптестеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: