Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев мұражайына саяхат
09
сәуір
2022

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев мұражайына саяхат

Ұлылыққа тағзым
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев-қазақ тарихында аты тарихқа алтын әріппен жазылатын тұлға. «Қазақстан тарихы» оқулығында Димаш атамыз туралы аз-кем мағлұмат берілген.Сөз жүзінде айтқан бір бөлек,көрген бөлек. №67 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары және мектептің аға тәлімгері Қалаубай Қарлығашпен бірлесе отырып, Мұқан Төлебаев көшесіндегі Димаш ата мұражайына саяхатқа бардық.
Мұражай қызметкерлері атамыз туралы қызғылықты дүниелерді әңгімелеп берді. Оқушыларға ұнағаны атамыздың 5 мың кітаптан тұратын бай кітапханасы. «Атамыз бір күнде кітаптың 300 бетін оқып отырған,-деген деректерге таң қалып,бас шайқасты.
Бір мемлекеттің басшысы бола отырып,Димаш атамыз бен Зухра апамыздың қарапайым тіршілік кешкені оқушылардың қызығушылығын одан ары арттыра түсті.Саяхаттан кейін тағы да басқа мұражайларға барсақ деген өз ұсыныстарын оқушылар айтып жатты.
Дима Ахметұлы-ұлы адам.
Ұлылыққа тағзым жасағаннан ұтылмайтынымыз ақиқат.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: