Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі
02
ақпан
2022

«Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі

01.02.2022жылы №67 Жалпы білім беретін мектеп залында  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік аясында «Бөбек» қайырымдылық  қорының негізін қалаушы, «SOS - Қазақстанның балалар ауылдары» бірлескен қорының төрайымы,  адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша білім жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қайырымдылық істері туралы мағлұматтар; оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру; қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отырып, рухани адамгершілік қағидаларын дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.
Көрмені тамашалауға келген 2-4 сынып оқушыларына Сара Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолына, оның ішінде қайырымдылық қызметіне қысқаша шолу жасап, оның авторлығымен жарық көрген еңбектерге сипаттама берілді.  
Көрмеге Сара Алпысқызының портреті, сөздері, сондай-ақ ол туралы әр жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар мен «Бөбек» қайырымдылық қорының акцияларында балалармен кездесу сәті бейнеленген суреттер қойылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: