Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тіл – бабалар мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі
03
қыркүйек
2021

Тіл – бабалар мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі

№67 ЖББМ мектеп кітапханасы   2021 жылдың 5 қыркүйек күні тілдер күні мерекесі қарсаңында «Тіл – бабалар мұрасы» мемлекеттік тіл және өзге ұл өкілдерінің тілдерінің тарихы, дамуы туралы ақпарат беретін кең көлемді көрме ұйымдастырды.
        Кітап көрмеге кітапхана қорындағы тілге байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер орын алды. Атап айтқанда: Қ. Жайлауғалиұлы «Туған тілім, дана тілім-ардағым», Б.Шыңғыс «Тілім менің», Ә.Тұрсынов «Ана тілің, жан арың», Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас», 2011 жылы жарық көрген «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі», А.Ә.Осман «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» , М.Бұралқыұлы «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» атты кітаптарына қызығушылық танытты. Көрмеге 18 кітап, 7 мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қойылды. Өткізілген шара қазақ тілін құрметтеуге, мемлекеттік тілді дамытуға атсалысуда, жастарға патриоттық тәрбие беруде және кітапқұмарлыққа баулуда маңызды шара болды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: