Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Адамгершілік-басты адами қасиет” атты тәрбие сағаттары
06
желтоқсан
2022

“Адамгершілік-басты адами қасиет” атты тәрбие сағаттары

Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте Адамгершілік-адамзаттың жан дүниесінің пердесі, жүрегінің айнасы. Адамгершілік – бұл рухани тәрбие. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, отбасын, достарын, мектебін сүюге үйретеді.  Ал, “адамгершілік” деген ұғым бала санасына қайдан келеді? Әлбетте, отбасынан, қоршаған ортасынан. Демек, қоршаған ортасы деп білім алатын білім ордасын айтсақ, қателеспеген болармыз. Осы тақырыпта  бүгін 1-11 сыныптар арасында “Адамгершілік-басты адами қасиет” атты тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында адам бойындағы қасиеттер айтылды. Жағдаяттық сұрақтар қойылып, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. 
Өзін ғана ойлаған —Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бүгінгі сынып сағаттарында көрінді. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасатынын ұмытпауымыз керек!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: