Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел
09
ақпан
2022

“Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел

Ақпанның 8-інші жұлдызында #67 мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде ұлтымыздың болашағы болатын жас ұрпақтың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, ол-ел ертеңіне, егемендігімізге деген құрметіміздің белгісі және дүниетанымында, өзегінде өз елінің мүддесі жоғары тұратындай тәрбиелеу жауапты міндет екендігі айтылды. Баланың адам болып қалыптасуы отбасынан және мектеп тәрбиесінен бастау алатыны және бұл ретте үштік одақ: алғашқысы-ата-ана, мектеп, оқушы осы үштік одақ триосынан мықты азамат, азаматшалар қоғам легіне барып қосылатыны анық екендігі айтылды. Бүгінгі дөңгелек үстелдің соңында тобықтай түйін ретінде “Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” деп дана Абай атамыз өсиет қалдырғандай еліміздің болашағын жас ұрпақтың қолына сеніп тапсыру үшін намысты, рухы биік, ділі мен тілі берік жастарды тәрбиелеу баршамызға ортақ парыз екендігі айтылып, кері байланыс ретінде әркім өз ойларын білдіріп тарқасты. Ата-аналар дөңгелек үстелден жақсы әсер алып ризашылықтарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: