Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қараша
2022

Педагогикалық кеңес

Алматы қаласы Алмалы ауданы 67 жалпы білім беретін мектептегі  кезекті  педагогикалық кеңес   "Оқушылардың жан-жақты дамуына тәлім-тәрбиенің ықпалы"  тақырыбында өтті. Педагогикалық кеңесті  мектеп  директоры  ашып,  күн тәртібімен  таныстырды. 1- бөлімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кабланбекова Г.К. 1- тоқсандағы  білім сапасына талдау  жасады. Содан кейін мектептің педагог- психологі 5-  сыныптардың орта буынға бейімделуін зерттеу  нәтижесімен   бөлісті. 2- бөлімінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Ж.С.Найзабекованың ұйымдастыруымен, аға тәлімгер А.Е.Махмутова, сынып жетекшілер Ж.Е.Тастекова, М.Тұрсынғалиқызы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың жан-жақты дамуына тәрбиенің ықпалы туралы   бейнеороликтер көрсетіліп, оқу сауаттылық тапсырмалары берілді. Коучинг  мұғалімдердің кері байланыстарымен  қорытындыланды.  Педагогикалық кеңес психолог  С.Сағындықтың  әсерлі релакс жаттығуымен аяқталды. Әріптестеріміздің риза болып, көңіл- күйлері  көтеріліп, жаңа  мотивация  алғандығы көздерінен  байқалып тұрды. Істеріңізге сәттілік  болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: