Мектепішілік ғылыми-тәжірибелік жобалар байқауы өткізілді.
2026 жылғы 27 сәуір күні мектептің акт залында пилоттық жоба аясында Мектепішілік ғылыми-тәжірибелік жобалар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру және үздік зерттеу жұмыстарын анықтау. Байқауға қатысқан оқушылар өздерінің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларын жетекшілерімен бірге қорғап, өз жұмыстарын жоғары деңгейде таныстырды. Іс-шара барысында үздік жобалар іріктеліп, қатысушылар марапатталды.