Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сенбілік ұйымдастырылды
04
сәуір
2026
Сенбілік ұйымдастырылды
Бүгін №67 жбб мектепте сенбілік ұйымдастырылды Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп аумағын абаттандыру, тазалықты сақтау және оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Сенбілік барысында мектеп ұстаздары мен оқушылары бірлесіп аула тазалап, қоқыстарды жинап, көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты. Мұндай игі шаралар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және табиғатты аялауға тәрбиелейді. #сенбілік #тазалық #мектеп #тәрбие #экология 
Дойбыдан 2–11 сынып ұлдар-қыздар арасында өткен қалалық олимпиадада №67 жбб мектептің 9сынып оқушысы Илиясова Алуа II орын иеленді!
04
сәуір
2026
Дойбыдан 2–11 сынып ұлдар-қыздар арасында өткен қалалық олимпиадада
Дойбыдан 2–11 сынып ұлдар-қыздар арасында өткен қалалық олимпиадада №67 жбб мектептің 9сынып оқушысы Илиясова Алуа II орын иеленді!👏🏻 Бұл жетістік — табандылық пен үздіксіз еңбектің нәтижесі. Әрбір қадам алға жетелейді, ал бұл жеңіс — соның дәлелі. Алға қойған мақсаттар әлі алда, биік белестерді бағындыру жалғасады! 💪 Жетекшісі:Сейдалиев Ленс