13
сәуір
2026
№67 ЖББМ КММ кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда.
№ 67 ЖББМ КММ кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл шара шеңберінде мектепте балалар әдебиеті онкүндігі басталды. Ауқымды мәдени-ағартушылық бастама оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, ғылыми-танымдық және көркем әдебиет арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.Онкүндік аясында мектепте кітап көрмелері, әдеби кездесулер, ертегі оқу сағаттары, шығармашылық байқаулар, пікірталастар және отбасылық оқу мәдениетін насихаттайтын түрлі форматтағы тәрбиелік-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.8 «а» сынып жетекшісінің Қали Алтын Ғылымға апарар жол тақырыбында Ғылыммен айналысып жүрген оқушылармен кездесу ұйымдастырып, олардың жұмыстарын оқырмандарға ұсынды.

