06
мамыр
2026
«Almaty Ustazy» қалалық жас педагогтер байқауының «Мен – кәсіби мұғаліммін» тақырыбындағы II (негізгі) кезеңі
2026 жылғы 5–6 мамыр аралығында «Almaty Ustazy» қалалық жас педагогтер байқауының «Мен – кәсіби мұғаліммін» тақырыбындағы II (негізгі) кезеңі Алматы қаласы, Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектептің базасында география, тарих пәндері бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды.
Бұл кезеңде география, тарих пән мұғалімдері сараптамалық кеңес мүшелеріне заманауи әдіс- тәсілдер мен цифрлық ресурстарды қолдану шеберліктерін көрсетті.
Қатысушыларға барлық жағдай жасалынып, сабақтар қажетті құралдармен жабдықталған кабинеттерде өткізілді.
Өткізілген конкурстық сабақтардың сапалы және жүйелі өтуін қамтамасыз ету мақсатында әр педагогтің сабақтары YouTube арнасы арқылы тікелей эфирде (прямая трансляция) көрсетілді. Барлық қатысушыларға сәттілік!
