Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Наурыз – шаттық мереке» атты кітап көрмесі
15
наурыз
2022
«Наурыз – шаттық мереке» атты кітап көрмесі
№67 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасы оқырмандарға 2022 жылдың 15 наурыз күні «Наурыз – шаттық мереке» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. «Наурыз» қазақша жыл басы. Өткізілген күні: 15 наурыз 2022 жыл. Өткізілген орны: Мектеп кітапханасы . Қатысушылар: Мектеп оқушылары. Қатысушылар саны: 20. Шараның мақсаты: қатысушыларды шығыс халықтарының мерекесі Әз-Наурыздың тарихымен, сән-салтанат, салт-дәстүрімен таныстыру, өлкетануға деген құрметін ұлғайту. Күтілетін нәтиже: пайдаланушылардың халықтық
“Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары
15
наурыз
2022
“Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары
 #67 мектебімізде 1-11 сыныптар арасында “Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: “Наурыз” мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ-халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Әр сынып “Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағатын түрлендіре отырып, ерекше атап өтті. Атап айтсақ бастауыш сыныптары сынып ішін түрлі көрнекіліктермен безендіріп, ұлттық ойын түрлерін ойнатқызып, бүлдіршіндерді таң-тамаша етсе, жасөспірімдер арасында ұмыт қалған
«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні»
05
наурыз
2022
«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні»
Үстіміздегі жылдың 2-наурызында «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» мерекесіне байланысты «Ашық есік күні» аясында аудандағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының өрт сөндіру бөлімдеріне бару кестесіне сәйкес КММ №67 ЖОББМ оқушылары Алматы қаласы Алмалы ауданының №9 өрт сөндіру бөліміне барып, тәжірибеден өтті. Өз көздерімен көріп үлкен әсер алып, риза болып қайтты.
1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні
01
наурыз
2022
1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні
#67 жалпы білім беретін мектепте 1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай мектеп ұжымы және оқушыларын жер сілкінісі, өрт кезіндегі іс- әрекеттерге дайындау мақсатында оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Дабыл соғылып 1-11 сынып оқушылары толықтай мектептен шығарылды. АӘТД пәнінің оқытушысы Бабаканов Ринат Турарбекович алғашқы көмек көрсетіп, адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы барлық қорғаныс шараларын ұйымдастырды.
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
24
ақпан
2022
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
2022 жылғы 14-22 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне #67 мектептің оқушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11 "А" сынып оқушысы Ералханова Жанель 2- орын иеленіп, қалалық кезеңге өтті. (Жетекшісі: Шыныбаева Б.А. ) . Ал 9 оқушы әр пәндер бойынша 3- орын алды. Шәкірттерімізге "Биіктерден көріне беріңдер" деп тілек білдіреміз. Ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!  
“Жырлайды жүрек» атты шығармашылық жыр мүшәйрасы
16
ақпан
2022
“Жырлайды жүрек» атты шығармашылық жыр мүшәйрасы
Мұқағали ақынның туған күніне орай Алмалы ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан ұстаздарының арасында “Жырлайды жүрек» атты шығармашылық жыр мүшәйрасы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда болып өтті. Байқау қорытындысы бойынша №67 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Тарахов Хамит Сауатұлы жүлделі І орынға ие болды. Әріптесімізді биік жеңісімен құттықтай отырып шығармашылық табыстар тілейміз! Мектеп ұжымы. View this post on Instagram A post shared by Алпыс Жетінші Мектеп
«Менің сүйікті жазушым»  зияткерлік  ойындар
14
ақпан
2022
«Менің сүйікті жазушым» зияткерлік ойындар
– Таңдалған кітаптарды насихаттау мақсатында мәжіліс залында  «Менің сүйікті жазушым»  зияткерлік  ойындар ұйымдастырылады. Мақсат – кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру. Бұл 30 кітаптың басым көпшілігі кітапханаларымызда бар. Жоқ кітаптарға кітап дүкендері арқылы  тапсырыс беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зияткерлік жарысқа 5-7 сыныптар арасында өткізілді.әр сынып  1.Оқыған шығармасынан «Мен оқыған шығармадағы кейіпкер бейнесі менің
«Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі
02
ақпан
2022
«Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі
01.02.2022жылы №67 Жалпы білім беретін мектеп залында  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік аясында «Бөбек» қайырымдылық  қорының негізін қалаушы, «SOS - Қазақстанның балалар ауылдары» бірлескен қорының төрайымы,  адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша білім жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қайырымдылық істері туралы мағлұматтар; оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек
«Зерде» шығармашылық және ғылыми жобалар байқауы
25
қаңтар
2022
«Зерде» шығармашылық және ғылыми жобалар байқауы
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің қалалық деңгейдегі «Зерде» шығармашылық және ғылыми жобалар байқауынан 3 «А» сынып оқушылары Жанболат Ая мен Емберген Көркем және 7 «Ә» сынып оқушысы Ертаева Зульфия жүлделі ІІ және ІІІ орындарға ие болды. Әріптестеріміз, бастауыш сынып мұғалімі Тұрсынғалиқызы Мөлдірді, физика пәні мұғалімі Қали Алтынды жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз! Мектеп ұжымы.