Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы аясындағы онкүндіктің соңғы күнінде
11
ақпан
2022

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы аясындағы онкүндіктің соңғы күнінде

Ақпанның 11-і күні #67 мектебімізде өткізіліп жатқан Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы аясындағы онкүндіктің соңғы күнінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Кусаинова А, Тастекова Ж , Омарбекова Л, Орынбасар А бірыңғай өзін-өзі тану сабағын ашық шара ретінде пән мұғалімдерімен өткізді. Шараның тақырыбы «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» деп аталады. Міне осы тақырыпқа сай мұғалімдер өз ойларын ашық айтып, құндылықтар жайлы көзқарастарын білдірді. Абай атамыз айтқандай, біз әрбір адамзат баласына жүрегімізде мейірбандық, қамқорлық сезімдерін оята білуіміз керек. Шараның соңында риясыз сүйіспеншілікке толы құндылық қасиеттерді бойына сіңіріп, өзін-өзі таныту туралы кері байланыс беріліп, “Бес құндылық” өлеңін шырқаумен аяқталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: