Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сәуір
2020

Біз біргеміз!

Міне, қашықтан оқыту жүйесіне көшкелі де біраз күндер артта қалды. Ата-аналар да, оқушылар мен ұстаздарымыз да қалыптасты. Сабақтарда ойдағыдай өтуде. Әрине алғашында тек оқушылар мен ұстаздарға ғана емес, сонымен қатар ата-аналар қауымына да жаңа форматтағы оқу әдісі көңілге үрей ұялатқаны рас. Ал, қазір жұмыстың қалыпты жағдайда жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Ұстаздарымыз " Bilimland” , “Daryn Online”, “Kundelik.kz” интернет-платформаларын пайдалана отырып өз сабақтарын тиімді әрі қызықты етіп жүргізуде. Одан басқа, телеарналарда жүріп жатқан сабақтар, атап айтсақ Балапан каналындағы сабақтарды оқушы күнделікті пайдалануда. Бірлескен талқылаулар, түсіндірулер ағымдағы оқу үрдісіндегідей жүріп жатыр. Оқушыларымызда позитивті көңіл-күйде, мұғалімдердің тарапынан берілген тапсырмаларды қызығушылықпен құлшына орындап, кері байланысты асыға күтуде. Ал, ұстаздарымыз әр оқушыға кері байланыс жүргізіп, жылы лебіздерін білдіріп отырады.
Қашықтан оқу балалардың білім алуын ғана емес, өмірге қажетті, болашақта оқуға қажетті жаңа дағдыларды да қамти алатындығын дәлелдеді. Тапсырманы орындай отырып, бала: "Менің қолымнан келеді!", "Мен жасай аламын!" деп өзін-өзі жігерлендіреді. Ел басына күн туғанда бірлесе, жұмыла жұмыс жасасақ қиындықтың бәрін жеңеміз!
#бізбіргеміз
#үйдеболайық!




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: