Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-сынып оқушыларының "Тілашар" мерекесі болып өтті
21
қаңтар
2020

1-сынып оқушыларының "Тілашар" мерекесі болып өтті

Алматы қаласы Алмалы ауданы 67 жалпы білім беретін мектепте 1-сынып оқушыларының "Тілашар" мерекесі болып өтті.
Мақсаты: мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу, ата-ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу. Ұлттық дәстүр "Тілашар" мерекесі арқылы оқуға ынтасын арттыру, мектепке деген сүйіспеншілігін ояту. Сахна мәдениетіне тәрбиелеу. "Тілашар" мерекесі барысында оқушылар ән айтып, тақпақтар айтып, би-билеп өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар оқушылар айналамен танысып, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық туралы түсініктері қалыптасты.
Ата-аналар мектепке, ұстаздарға өз ризашылықтарын білдірді.
Оқушыларға тілеріміз, білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, Отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін дегіміз келеді.
Сынып жетекшілері: Оспанәлі Балнұр, Ыбырай Сандуғаш, Нуранова Гауһар.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: