Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп кезеңінің жүлдегерлері енді аудандық, қалалық пәндік олимпиадада мектептің намысын қорғайды. Оқушыларымызға сеніміміз мол! Жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!
27
қараша
2020

Мектеп кезеңінің жүлдегерлері енді аудандық, қалалық пәндік олимпиадада мектептің намысын қорғайды. Оқушыларымызға сеніміміз мол! Жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!

Оқушыны дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.
      Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының  пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Осы орайда  Алматы қаласы, Амалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 26,27 қарашада 8- 11 сыныптар арасында пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі еліміздегі болып жатқан жағдайға байланысты алғаш рет онлайн режимінде өтті. Олимпиаданың ашылуын әдістемелік бірлестік жетекшілері қашықтан ұйымдастырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Олимпиадаға қашықтан қызыға белсене ққатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: I – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер, II - қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер.
       Мектеп кезеңінің жүлдегерлері енді аудандық,  қалалық пәндік олимпиадада мектептің намысын қорғайды. Оқушыларымызға сеніміміз мол! Жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: