Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 88
1 "Ә" сыныптар арасында "Ойшыл болсаң, озып көр"  тақырыбында сайыс
24
қаңтар
2020
1 "Ә" сыныптар арасында "Ойшыл болсаң, озып көр" тақырыбында сайыс
Мектебімізде өтіп жатқан "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған"  тақырыбындағы бастауыш бірлестігінің іс-шаралары өз деңгейінде өтіп жатыр. Бүгін де осындай іс-шараның бірі болып өтті. 1 "Ә"  сынып жетекшісі, жас маманымыз Оспанәлі Балнұр "Ойшыл болсаң, озып көр"  тақырыбында сайыс өткізді. Сынып оқушылары жыл мезгілдері бойынша топтарға бөлініп, сайыс кезеңдерінде берілген тапсырмаларды орындады.  "Жаңбыр тамшылары" атты әдіс балаларға тиімді, әрі қызықты болды.
1-4 сыныптар  арасында білім алып жатқан дарынды оқушылармен "Джуманджи" зияткерлік сайысы
24
қаңтар
2020
1-4 сыныптар арасында білім алып жатқан дарынды оқушылармен
«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» деп М. Әуезов атап көрсеткеніндей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігін әр мұғалім осыдан-ақ түсінуі керек. Ол үшін дарынды оқушымен жұмыстың маңызы зор.  Осыны іске асыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Елеубаева Перийзат Жанузаққызы 1-4 сыныптар  арасында білім алып жатқан
"Қызықты математика" сайысы
22
қаңтар
2020
"Қызықты математика" сайысы
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектептің 1 «Б» сынып жетекшісі Ыбырай Сандуғаш "Қызықты математика" сайысын өткізіп, оқушылардың математика пәніне деген қызғушылықтарын дамыта отырып, мектеп мұғалімдерімен тәжірибесін бөлісті. Оқушылар жарысқа белсене қатысып, әр оқушы басқада қырларынан танылды.
Тастекова Жазира Ерланқызының қазақ тілі пəнінен  өткен ашық сабағынан үзінді
22
қаңтар
2020
Тастекова Жазира Ерланқызының қазақ тілі пəнінен өткен ашық
Мектебімізде "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" тақырыбында бастауыш бірлестігінің онкүндігі өтуде.  Бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өтіп жатыр. Ұстаздарымыз əртүрлі жаңа əдіс-тəсілдерді пайдаланып, мектептің жас мамандарына үлгі сабақтар көрсетуде.  Бастауыш сынып мұғалімі, мектептің үздік ұстаздарының бірі Тастекова Жазира Ерланқызының қазақ тілі пəнінен  өткен ашық сабағы жоғары деңгейде болды. Жас мамандарға үлгілі сабақ ретінде тәжірибесін таратты. 
"Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті
21
қаңтар
2020
"Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі" тақырыбында
№67 жалпы білім беретін мектепте 2020 жылдың 14-20 қаңтар аралығында 1-11 сынып ата-аналарына ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар жиналысының тақырыбы: "Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі". Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1) 2-тоқсанның қорытындысы. 2) Жалпыға міндетті білім беру оқу қорынан бөлінетін әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың құжаттарын реттеу. 3) Сабақтан қалмау және кешікпеу. 4) Оқушылардың формасы және тазалығы. 5) Оқулық, дәптер, күнделіктерінің тазалығы,
"Мен offline" тақырыбында сынып сағаты болып өтті
21
қаңтар
2020
"Мен offline" тақырыбында сынып сағаты болып өтті
Бүгін 21.01.2020 жылы №67 жалпы білім беретін мектепте Бүкіләлемдік интернетсіз күн науқаны аясында "Мен offline" тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді. "Интернеттің пайдасы мен зияны", "Қауіпсіз интернет" жайлы айтылып, постерлер қорғалды.
1-сынып оқушыларының "Тілашар" мерекесі болып өтті
21
қаңтар
2020
1-сынып оқушыларының "Тілашар" мерекесі болып өтті
Алматы қаласы Алмалы ауданы 67 жалпы білім беретін мектепте 1-сынып оқушыларының "Тілашар" мерекесі болып өтті. Мақсаты: мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу, ата-ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу. Ұлттық дәстүр "Тілашар" мерекесі арқылы оқуға ынтасын арттыру, мектепке деген сүйіспеншілігін ояту. Сахна мәдениетіне тәрбиелеу. "Тілашар" мерекесі барысында оқушылар ән айтып, тақпақтар айтып, би-билеп өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар