Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 89
«Математикалық футбол» атты сыныптан тыс іс-шара
21
қаңтар
2020
«Математикалық футбол» атты сыныптан тыс іс-шара
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте Математика пәнінің мұғалімі Уринбоева Перизат «Математикалық футбол» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Спорттық ойын мен байланыстыра отырып білімдерін шыңдау. Сайысқа 9 «А» сыныбынан құралған «Қайрат» тобы мен 9 «Ә» сыныбынан құралған «Real» тобы қатысты. Ойын ережесі футбол ойынына ұқсас келеді. Екі бөлімнен 15 мин уақыттан тұрады. Топтың құрамы саны алтау,
"Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ
21
қаңтар
2020
"Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары" атты
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ болып өтті. Сабақ барысында білім алушылар елдің қалыптасып, дамуына және нығаюына баға жетпес үлес қосқан Елбасының еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете білді.
"Елін сүйген - Елбасы" атты мектепішілік іс-шара
21
қаңтар
2020
"Елін сүйген - Елбасы" атты мектепішілік іс-шара
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 5 "а" сынып оқушыларының ұйымдастырумен "Елін сүйген - Елбасы" атты мектепішілік іс-шара өтті. Іс-шараға мектепің өнерлі оқушылары қатысып, Елбасының жеткен жетістіктері туралы бейнефильм көрсетілді. Іс-шараға мектептің 8-11 сынып оқушылары және ата-аналар қатыстырылды.
"Жарқын елдің болашағы - жас маман "  тақырыбында жас мамандар жарысы
21
қаңтар
2020
"Жарқын елдің болашағы - жас маман " тақырыбында жас мамандар жарысы
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте "Жарқын елдің болашағы - жас маман" тақырыбында жас мамандар жарысы төрт кезеңмен өтті. "Жас келсе іске" демекші, әсем ән, мың бұралған би, тамаша көріністер жастардың жұмысқа деген құлшынысын көрсетті. Жас ұстаздардың біліктілігін, шеберлігін шыңдау мақсатындағы бұл шара ұжымның көңілінен шықты. Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, еңбек жолын бастаған жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын демекпіз. Ұйымдастырушы
"Елін сүйген Елбасы" атты тақырыбында сынып сағаттаы
21
қаңтар
2020
"Елін сүйген Елбасы" атты тақырыбында сынып сағаттаы
Алмалы ауданы 67 жалпы білім беретін мектепте сейсенбі күні 1-11 сыныптар аралығында келе жаткан алғашқы Президент күніне өткізілген "Елін сүйген Елбасы" атты тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында Елбасының "Балалық шағымның аспаны" атты бейне фильмі көрсетілді. Сынып жетекшілер Елбасының жеткен жетістіктері мен қазақ еліне жасаған еңбектері туралы айтып өтті.
"Елін сүйген Елбасы" атты кітап көрмесі
21
қаңтар
2020
"Елін сүйген Елбасы" атты кітап көрмесі
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте "Елін сүйген Елбасы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сабақ арасындағы үлкен қоңырауда 1-4- сынып оқушыларымен мәнерлеп оқулар өтіп, оқушылар белсене қатысты. Жарыса өлеңдер оқып, соңынан Елбасы туралы, Тәуелсіздік туралы сұрақтарға жауап берді. Іс шараны ұйымдастырған мектеп кітапханашысы Бералиева Ләйлаға оқушылар да, мұғалімдер де ыстық ықыластарын білдірді. Жарайсыңдар, жас өркендер!
География пәнінен өткен ашық сабақтан көрініс
21
қаңтар
2020
География пәнінен өткен ашық сабақтан көрініс
Алматы қаласы Алмалы ауданы N67 жалпы білім беретін мектепте қазанның 17-ші жұлдызында география пәнінің мұғалімі: Джумадилова Гульназ ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты кері байланыстың тиімділігі мен әдіс-тәсілін сабақ барысында көрсету болғандықтан пән мұғалімі сол бағытта жұмыстар жүргізді. Сабақ барысында кері байланыстың әдіс-тәсілдерін қолданды. Соның ішінде "Бас бармақ" , "MSK-64 шкаласы" әдісі тиімді болды.
"Қала көшелеріндегі қауіпсіздік"  атты іс-шара
15
қаңтар
2020
"Қала көшелеріндегі қауіпсіздік" атты іс-шара
Алматы қаласы,  Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі Базгаламова Аяужан "Қала көшелеріндегі қауіпсіздік"  атты іс-шара өткізіп, өз тәжібиресімен бөлісті. Мектепалды даярлық сыныбының білім алушылары тақырып бойынша аппликация жұмыстарын шығармашылықпен орындады
Брокераждық бақылау комиссия мүшелерінің  мектеп  асханасындағы тағам сапасының талапқа сай болуын тексеруі
15
қаңтар
2020
Брокераждық бақылау комиссия мүшелерінің мектеп асханасындағы тағам
Брокераждық бақылау комиссия мүшелерінің  мектеп  асханасындағы тағам сапасының талапқа сай болуын тексеруі
"Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас"деген тақырыпта 7-11-сынып ұлдары арасында әңгіме - сұхбат өткізілді.
14
қаңтар
2020
"Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас"деген тақырыпта 7-11-сынып
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте 14.01.2020 күні "Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас"деген тақырыпта 7-11-сынып ұлдары арасында әңгіме - сұхбат өткізілді. Мақсаты: ұл балалардың тәртібі мен мектептегі ынтымақтастық, бір- бірімен сыйластық қарым- қатынаста болу.  Ұйымдастырылған сұхбат балаларға үлкен ой салды. Өз ойларын ортаға салып, достық, жолдастық, кішіге құрмет туралы өрелі пікірлер айтылды. Ер азаматтар ел қорғаны, мектеп ұйытқысы деген  пайымды қорытындымен көңілді