Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
8 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
08
сәуір
2022
8 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
Бүгін 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Осы мерекеге орай мектебіміздің 7 А сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.О.Джумадилованың ұйымдастыруымен және 8 А сыныбы мен сынып жетекшісі А.Битанованың қатысуымен қаламыздың ең маңызды ескерткіштерінің бірі - Мұхтар Әуезовтың ескерткішіне барып қайтты. Сапардың негізгі мақсаты тарихи тұлғалар мен жастар арасындағы рухани байланысты нығайту. Оқушылар
“Балалыққа - кітаппен барамыз!” атты ашық есік күні
06
сәуір
2022
“Балалыққа - кітаппен барамыз!” атты ашық есік күні
Алматы қаласы, Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің 5 а сынып оқушылары жетекшісімен бірге #4 кітапхана бөлімшесінде балалар жылына арналған “Балалыққа - кітаппен барамыз!” атты ашық есік күніне қатысты. Кітапхана ұйымы ұйымдастырған іс-шараға балалар әдебиетінің көрнекті тұлғалары Әбубәкір Қайран, Бейсенбай Сүлейменов, Баян Болатхановалар қатысып, өз шығармашылық жолдарындағы қызықтарымен бөлісті. Жәнеде балаларға арналған виктариналық сұрақтар қойылып, жауап берген оқушылар
“Қош келдің, төрлет Наурызым!” атты сайыс кеші
18
наурыз
2022
“Қош келдің, төрлет Наурызым!” атты сайыс кеші
Бүгін мереке! Бүгін той! Олай деуге бастау болған себеп, шығыс халықтарына ортақ мереке Наурыз мейрамы. Ұлыстың ұлы күні төл мерекеміз біздің мектебімізде дүбірлеп өтті. 5-11 сыныптар арасында “Қош келдің, төрлет Наурызым!” атты сайыс кеші өткізілді. Мақсаты: наурыз мерекесін тойлау туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып жас ұрпақты болашақта өз дәстүрлерін білуге тәрбиелеу. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. I Ауыл аттарымен танысу. II Салт-дәстүр бойынша өнер
«Наурыз – шаттық мереке» атты кітап көрмесі
15
наурыз
2022
«Наурыз – шаттық мереке» атты кітап көрмесі
№67 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасы оқырмандарға 2022 жылдың 15 наурыз күні «Наурыз – шаттық мереке» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. «Наурыз» қазақша жыл басы. Өткізілген күні: 15 наурыз 2022 жыл. Өткізілген орны: Мектеп кітапханасы . Қатысушылар: Мектеп оқушылары. Қатысушылар саны: 20. Шараның мақсаты: қатысушыларды шығыс халықтарының мерекесі Әз-Наурыздың тарихымен, сән-салтанат, салт-дәстүрімен таныстыру, өлкетануға деген құрметін ұлғайту. Күтілетін нәтиже: пайдаланушылардың халықтық
“Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары
15
наурыз
2022
“Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары
 #67 мектебімізде 1-11 сыныптар арасында “Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: “Наурыз” мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ-халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Әр сынып “Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағатын түрлендіре отырып, ерекше атап өтті. Атап айтсақ бастауыш сыныптары сынып ішін түрлі көрнекіліктермен безендіріп, ұлттық ойын түрлерін ойнатқызып, бүлдіршіндерді таң-тамаша етсе, жасөспірімдер арасында ұмыт қалған
«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні»
05
наурыз
2022
«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні»
Үстіміздегі жылдың 2-наурызында «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» мерекесіне байланысты «Ашық есік күні» аясында аудандағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының өрт сөндіру бөлімдеріне бару кестесіне сәйкес КММ №67 ЖОББМ оқушылары Алматы қаласы Алмалы ауданының №9 өрт сөндіру бөліміне барып, тәжірибеден өтті. Өз көздерімен көріп үлкен әсер алып, риза болып қайтты.
1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні
01
наурыз
2022
1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні
#67 жалпы білім беретін мектепте 1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай мектеп ұжымы және оқушыларын жер сілкінісі, өрт кезіндегі іс- әрекеттерге дайындау мақсатында оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Дабыл соғылып 1-11 сынып оқушылары толықтай мектептен шығарылды. АӘТД пәнінің оқытушысы Бабаканов Ринат Турарбекович алғашқы көмек көрсетіп, адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы барлық қорғаныс шараларын ұйымдастырды.
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
24
ақпан
2022
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
2022 жылғы 14-22 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне #67 мектептің оқушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11 "А" сынып оқушысы Ералханова Жанель 2- орын иеленіп, қалалық кезеңге өтті. (Жетекшісі: Шыныбаева Б.А. ) . Ал 9 оқушы әр пәндер бойынша 3- орын алды. Шәкірттерімізге "Биіктерден көріне беріңдер" деп тілек білдіреміз. Ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!