Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі аясы
24
ақпан
2023
қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі аясы
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі - тіл, бірі - ділі жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі  тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Осы орайда, №67 жалпы білім беретін мектепте 13-24 ақпан аралығында өткен «Тіл және тарих: ұлт рухының алтын қазынасы» атты тақырыпта қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында түрлі бағыттағы интеллектуалдық сайыстар, сыныптан тыс іс-шаралар, дебаттар, шығарма  жазу сайыстарына белсене қатысқан оқушылар мен
“Ұялы телефон әлде кітап” тақырыбында пікірталас
07
ақпан
2023
“Ұялы телефон әлде кітап” тақырыбында пікірталас
2023 жылдың 7 ақпанында 7-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік дебат турнирі өтті. “Ұялы телефон әлде кітап” тақырыбында пікірталас тартысты болды. Дебатерларымызға шығармашылықтары шыңдала берсін дейміз! 7 февраля 2023 года в общеобразовательной школе № 67 прошел очный дебатный турнир среди учащихся 7-10 классов на тему “Мобильный телефон или книга”. Дебаты были  очень жаркими. Мы хотим, чтобы наши дебатеры проявили творческий подход во всем.
"Жас маман -жаңа идея" атты апталық
07
ақпан
2023
"Жас маман -жаңа идея" атты апталық
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте "Жас маман -жаңа идея" атты апталық өтуде. Апталық аясында мектеп психологы Сағындық Сымбат 4а сыныбында "Ғажайыптар алаңы" атты тренинг өткізді. Оқушылар үшін өте қызықты болған тренинг, бала бойындағы жақсы қасиеттерді аша отырып сынып оқушыларын ынтымақтастыққа тәрбиеледі. Ал география пәні мұғалімі Қалаубай Қарлығаштың "XXI ғасыр көшбасшысы" тақырыбында 9 сыныптармен  өткен интеллектуалдық сайысы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру танымдық
Джеймс Гринбудтың «Өгей бала» хикаятына  тейбл-ток  өткізілд
01
ақпан
2023
Джеймс Гринбудтың «Өгей бала» хикаятына тейбл-ток өткізілд
01.02.2023 ж Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп»  жобасы бойынша Джеймс Гринбудтың «Өгей бала» хикаятындағы « Джиммнің өгей анасының қитұрқы әрекеттерінен  таң қалып, аңқау басы алданып  тұрмыс тауқыметін көргені» атты тейбл-ток (үстел басында әңгіме айту)  5 сынып  оқушылары арасында өткізілді. 5 сынып оқушыларының оқуға деген құлшыныстары арта түскендей болды. Кітапханашы Оспанова Әлия апайымызға алғыс білдіреміз.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
16
қаңтар
2023
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
67 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында қысқы демалыс кезінде “Қыста оқимыз” тақырыбы бойынша 2”Б” сынып оқушысы Болатбек Зере “Алты түлкі” ертегісін баяндауынан үзінді келтірілген. Зере қысқы демалыс кезеңіндегі “Қыста кітап оқимыз” шараға қатысуы арқылы, қыстық демалысын қызықты әрі пайдалы өткізіп, отбасымен бірге кітап оқып, екінші жағынан өзінің інілеріне ертегі оқып бере отыра үлгі бола білерліктей олардың кітапқа яғни ертегі оқуға
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
09
қаңтар
2023
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
67 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында қысқы демалыс кезінде “Қыста оқимыз” тақырыбы бойынша 2”Б” сынып оқушысы Болатбек Зере “Алты түлкі” ертегісін баяндауынан үзінді келтірілген. Зере қысқы демалыс кезеңіндегі “Қыста кітап оқимыз” шараға қатысуы арқылы, қыстық демалысын қызықты әрі пайдалы өткізіп, отбасымен бірге кітап оқып, екінші жағынан өзінің інілеріне ертегі оқып бере отыра үлгі бола білерліктей олардың кітапқа яғни ертегі оқуға
"Биология әлеміне саяхат" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
30
желтоқсан
2022
"Биология әлеміне саяхат" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте "Биология әлеміне саяхат" тақырыбында топтар арасында интеллектуалдық сайыс ғылыми жаратылыстану пәндері апталығында 9 сыныптарда өтті. Оқушыларды табиғаттың кереметтерімен таныстыра отырып, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді әдістерін қолдана білген биология пәнінің мұғалімі Қанатқызы Назеркеге және шәкірттеріне шығармашылық табыстар тілейміз
“Жас Қыран” және “ Жас Ұлан” қатарына  қабылданды.
07
желтоқсан
2022
“Жас Қыран” және “ Жас Ұлан” қатарына қабылданды.
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте Оқушылар сарайында өткен Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына “Жас Қыран” және “ Жас Ұлан” қатарына жаңа мүшелерді салтанатты қабылдауға мектебіміздің 5 А сынып оқушысы Альжанова Медина 5 Ә сынып оқушысы Жанболат Досжан 5 Б сынып оқушысы Тәшім Нұрдәулет қатысып, “Жас Ұлан” ұйымының қатарына қабылданды.
“Зиянды әдеттер” тақырыбында ұлдар жиналысы
07
желтоқсан
2022
“Зиянды әдеттер” тақырыбында ұлдар жиналысы
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте  5-10 сыныптардың  ұл балалар арасында “Зиянды әдеттер” тақырыбында әңгіме өтті.  Бұл әңгімелесу барысында  ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы айтылды. Күн тәртібіндегі мәселелер: ✅ Мектептің ішкі тәртіп ережелері. ✅оқушылардың сабаққа қатысуы мен кешікпей келуі. ✅ мектепке қауіпті заттар әкелмеу, қолданбау. ✅ электронды сигареттің зияны.