Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өркендей бер, Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара
22
қазан
2022
"Өркендей бер, Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара
   №67 жалпы білім беретін мектепте  5 а , 9ә сынып оқушылары және  аға тәлімгер Махмутова Аселдің ұйымдастыруымен 25  қазан Республика күніне орай "  Өркендей бер, Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.  Салтанатты  кеш  Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаудан  басталды. Оған барлық оқушылар  қатысты. Мектеп  кітапханашысы  Оспанова Алия кітап  көрмесін  ұйымдастырып, оқушыларға  таныстырды. Мерекелік  іс шара  әсерлі ән, бимен  жалғасты. Тәуелсіздігіміздің  бастауы 
"ТАЗАЛЫҚ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" тақырыбында дәріс
20
қазан
2022
"ТАЗАЛЫҚ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" тақырыбында дәріс
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 5.6.7.8.9.10.11 сыныптың қыздарына қалалық емхананың кызметкерлері келіп "ТАЗАЛЫҚ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" тақырыбында дәріс жүргізді. Дәрігерлер қыздардың сұрақтарына түгелдей жауап берді.
«Менің Отаным-Қазақстан» атты  эссе байқауы
20
қазан
2022
«Менің Отаным-Қазақстан» атты эссе байқауы
2022-2023 оқу жылы №67 Жалпы білім беретін  мектебінде «25 қазан-Республика күні»мерекесіне орай 5-9 сыныптар арасында «Менің Отаным-Қазақстан» атты  тақырыпта эссе байқауы өткізілді.  Мақсаты:  Оқушылардың  ойлау қабілетін дамыту, олардың бойларына ізгілік негіздерін дарыту, Отанын сүюге,патриотизмге, парасаттылыққа, ақыл мен білімдарлыққа, шешендікке тәрбиелеу. Алғыс, бата сөздер, мақалаларды пайдалана отырып, сөздің төркінін түсіну, әр сөзге мән бере қарап, орынды сөйлеуге, зеректікке
"Жас маман, алға бас қадам" тақырыбында тренинг
18
қазан
2022
"Жас маман, алға бас қадам" тақырыбында тренинг
№ 67 жалпы білім беретін мектепте 18 қазан күні жас мамандармен "Жас маман, алға бас қадам" тақырыбында тренинг болып өтті. Онда жас мұғалімдер"Жетістікке жету жолдары" "Уақытты тиімді пайдалану" сияқты тапсырмаларды орындап, жүйелі жұмыс істеу жолдарымен таныса отырып өздерін дамытты, ұстаздық қызметтің қыр-сырларын тереңдете түсінді. Жас мамандарға кәсіби шеберліктің биік шыңына шыға беріңіздер деп тілек білдіреміз. Мектеп ұжымы.
Бокстан Республикалық ашық турнир
17
қазан
2022
Бокстан Республикалық ашық турнир
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің бокс үйірмесінің  оқушылары  бокстан Республикалық ашық турнирге  қатысып, жеңспен оралды. 1,2,3 орын  алып, чемпион атанды. Ал командалық жарыста  3 орынға ие болды.  Жетекшісі Шадияр  ағайға  алғыс  айта  отырып,  бокспен  шұғылданып жүрген  оқушыларымызға сәттілік  тілейміз!