Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жұмыспен қамту орталығынан түсіндірме жұмыс
16
қараша
2022
Жұмыспен қамту орталығынан түсіндірме жұмыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы № 67 жалпы білім беретін мектепте жұмыспен қамту орталығынан Жакупова Еркеш Садыққызы келіп 9,11 сынып оқушыларына  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
15
қараша
2022
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
Мектебімізде 15.11.2022 ж күні 5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі” атты сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар қызығушылықпен белсенділік танытты. Олардың жауаптарына тәнті болдық. Сайыстың нәтижесінде 1-орынды 5 Б сыныбы, 2-орынды 5  Ә сыныбы иеленді. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. 
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН"  қалалық слеті
11
қараша
2022
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН" қалалық слеті
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН" атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінің аясында ұйымдастырылған білім алушылардың әлеуметтік жобаларының көрмесіне қатысып, 9а сынып оқушысы, мектеп президенті Құлшынбек Замира белсенді қатысушы сертификатымен марапатталды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
09
қараша
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
#67 ЖББМ кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша ертегілер елінде саяхат сабақ ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқушыларды ертегі оқуға баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Ертегі халық-даналығының қайнар көзі болғандықтан ертегі оқуды әдетке айналдырған 3 "А" сынып оқушысы Асылбекқызы Айарудың оқыған  ертегісін  мазмұндауынан көрініс.  Айару, осындай көріністерді сомдау арқылы шығармашылығыңды шыңдап, өнеріңді үстем  етіп, биіктерден көріне бер!
Педагогикалық кеңес
04
қараша
2022
Педагогикалық кеңес
Алматы қаласы Алмалы ауданы 67 жалпы білім беретін мектептегі  кезекті  педагогикалық кеңес   "Оқушылардың жан-жақты дамуына тәлім-тәрбиенің ықпалы"  тақырыбында өтті. Педагогикалық кеңесті  мектеп  директоры  ашып,  күн тәртібімен  таныстырды. 1- бөлімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кабланбекова Г.К. 1- тоқсандағы  білім сапасына талдау  жасады. Содан кейін мектептің педагог- психологі 5-  сыныптардың орта буынға бейімделуін зерттеу  нәтижесімен   бөлісті. 2- бөлімінде тәрбие ісі
Республикалық "Балалар оқулары" байқауы
03
қараша
2022
Республикалық "Балалар оқулары" байқауы
Астана  қаласында  өткен "Балалар оқулары" байқауының республикалық кезеңінен  Алматы  қаласы  Алмалы  ауданы  #67 жалпы білім  беретін мектептің 4а-ынып оқушысы Тынбаева Еркежан 2-орынды иеленді. Талабың  таудай болсын, Еркежан!  Жеңісің құтты  болсын!  Дайындаған  мұғалімі  Тұрсынғалиқызы Мөлдірге  шығармашылық  табыс  тілейміз! https://web.whatsapp.com/