Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әбдірасіл Дархан таеквондодан  1- орынды иеленді.
27
қазан
2022
Әбдірасіл Дархан таеквондодан 1- орынды иеленді.
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің  5ә - сынып  оқушысы Әбдірасіл Дархан таеквондодан  Қостанай  қаласында  өткен Республикалық ашық турнирге  қатысып 1- орынды иеленді. Спортты  серік етіп,  қызығушылықпен жеңіске  жетіп жүрген Дарханға  сәттілік  тілейміз!  Жеңісің құтты болсын, Дархан!
5-6 сыныптарда  арасын мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасы
26
қазан
2022
5-6 сыныптарда арасын мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасы
Алматы  қаласы  Алмалы  ауданы 67 жалпы білім беретін мектепте 26 қазан күні 5-6 сыныптарда  мектепішілік "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы болып өтті. Оған математика пәні мұғалімдері Уринбоева Перизат пен Маңғыбаева Жансаяның сыныптарынан 30 оқушы қатысты.  Солардың  арасынан  жоғары  ұпай  жинаған  4  оқушы  қалалық "Алтын  сақа"  сайысына  жолдама  алды.   Осы  шәкірттерімізге және ұстаздарға  жеңісті күндеріңіз көп болсын деп тілек білдіреміз!
Елім  менің - Қазақстан" тақырыбында  эстафеталық жарыс
22
қазан
2022
Елім менің - Қазақстан" тақырыбында эстафеталық жарыс
Алмалы  ауданы № 67 жалпы білім беретін мектепте денешынықтыру  пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай " Елім  менің - Қазақстан" тақырыбында 3-6- сыныптар арасында эстафеталық жарыс өткізді. Салауатты  өмір  салтын  ұстану  мақсатында оқушылар ерекше  қызыгушылықпен  қатысты. "Шынықсаң шымыр  боласың" демекші Қазақстанның әр  азаматы  дені  сау, рухани бай, патриот  болуына  тілектеспіз!
"Өркендей бер, Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара
22
қазан
2022
"Өркендей бер, Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара
   №67 жалпы білім беретін мектепте  5 а , 9ә сынып оқушылары және  аға тәлімгер Махмутова Аселдің ұйымдастыруымен 25  қазан Республика күніне орай "  Өркендей бер, Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.  Салтанатты  кеш  Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаудан  басталды. Оған барлық оқушылар  қатысты. Мектеп  кітапханашысы  Оспанова Алия кітап  көрмесін  ұйымдастырып, оқушыларға  таныстырды. Мерекелік  іс шара  әсерлі ән, бимен  жалғасты. Тәуелсіздігіміздің  бастауы 
"ТАЗАЛЫҚ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" тақырыбында дәріс
20
қазан
2022
"ТАЗАЛЫҚ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" тақырыбында дәріс
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 5.6.7.8.9.10.11 сыныптың қыздарына қалалық емхананың кызметкерлері келіп "ТАЗАЛЫҚ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" тақырыбында дәріс жүргізді. Дәрігерлер қыздардың сұрақтарына түгелдей жауап берді.
«Менің Отаным-Қазақстан» атты  эссе байқауы
20
қазан
2022
«Менің Отаным-Қазақстан» атты эссе байқауы
2022-2023 оқу жылы №67 Жалпы білім беретін  мектебінде «25 қазан-Республика күні»мерекесіне орай 5-9 сыныптар арасында «Менің Отаным-Қазақстан» атты  тақырыпта эссе байқауы өткізілді.  Мақсаты:  Оқушылардың  ойлау қабілетін дамыту, олардың бойларына ізгілік негіздерін дарыту, Отанын сүюге,патриотизмге, парасаттылыққа, ақыл мен білімдарлыққа, шешендікке тәрбиелеу. Алғыс, бата сөздер, мақалаларды пайдалана отырып, сөздің төркінін түсіну, әр сөзге мән бере қарап, орынды сөйлеуге, зеректікке
Бокстан Республикалық ашық турнир
17
қазан
2022
Бокстан Республикалық ашық турнир
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің бокс үйірмесінің  оқушылары  бокстан Республикалық ашық турнирге  қатысып, жеңспен оралды. 1,2,3 орын  алып, чемпион атанды. Ал командалық жарыста  3 орынға ие болды.  Жетекшісі Шадияр  ағайға  алғыс  айта  отырып,  бокспен  шұғылданып жүрген  оқушыларымызға сәттілік  тілейміз!
“Кітап оқу “мәтініне байланысты шығармашылық жұмыстар
22
қыркүйек
2022
“Кітап оқу “мәтініне байланысты шығармашылық жұмыстар
Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 2 “Б” сынып жетекшісі Кусаинова Алуа өзінің күнделікті сабағында әдебиеттік оқу пәнін Жүсіпбек Аймауытовтың “Кітап оқу “мәтініне байланыстырып шығармашылық жұмыстар жасата отырып өткізеді. Алуа ұстаз сондай- ақ бұл жұмысты түрлендіріп көркем еңбек сабағына да қолданған екен. Мақсаты балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жұптық тапсырма қылып берсе де болады, бірақ әр бала өздері қиып, желімдеп 3D сияқты әдемі