Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің Отаным-Қазақстан» атты эссе байқауы
20
қазан
2022

«Менің Отаным-Қазақстан» атты эссе байқауы

2022-2023 оқу жылы №67 Жалпы білім беретін  мектебінде «25 қазан-Республика күні»мерекесіне орай 5-9 сыныптар арасында «Менің Отаным-Қазақстан» атты  тақырыпта эссе байқауы өткізілді. 
Мақсаты:  Оқушылардың  ойлау қабілетін дамыту, олардың бойларына ізгілік негіздерін дарыту, Отанын сүюге,патриотизмге, парасаттылыққа, ақыл мен білімдарлыққа, шешендікке тәрбиелеу. Алғыс, бата сөздер, мақалаларды пайдалана отырып, сөздің төркінін түсіну, әр сөзге мән бере қарап, орынды сөйлеуге, зеректікке үйрету.
  Байқаудың негізгі шарты төмендегідей болды: 
-    Тақырыптың ашылуы-    Мазмұндылығы-    Сөздің мағыналық, эстетикалық, эмоциялық реңктердің болуы-    Сауаттылығы, тілдің грамматикалық формалары мен синтаксистік құрылымдарын пайдалану шеберлігі-    Көлемділігі -    Логикалық бірізділіктің сақталуы-    Қорытынды пікірдің болуы  Берілген тақырып бойынша  5-9 сынып оқушылары  эссе жазды. Эссе жазуда  оқушылар өз ойларын нақты жеткізе білді. Аталған тақырыпта жазылған эсселердің ішінен үздік жұмыстар анықталды.Соның ішінде 
lll орын иегері 5 «Б» сынып оқушы Бегасилов Бексұлтан
ll орын иегері 9 «А» сынып оқушысы Сатан Марал
l орын иегері 7 «Ә» сынып оқушысы Абишева Ақеркеге берілді!Оқушыларға білім жолында сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: