Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тілім барда – мен бармын» атты тақырыпта 2-11 сыныптар арасында іс-шаралар өткізілуде.
14
қыркүйек
2022

«Тілім барда – мен бармын» атты тақырыпта 2-11 сыныптар арасында іс-шаралар өткізілуде.

Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте «Тілім барда – мен бармын» атты тақырыпта ұйымдастырылған іс-шаралардың  барысында 2-11сыныптар арасында  көрме, эссе жазу байқауы, мәнерлеп оқу жарысы, танымдық сабақтар мен түрлі тақырыптық сайыстар өткізілуде.   Тілдер мерекесіне және А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай жоспарланған іс-шаралардың бастауы болып мектеп фойесінде «Тіл – халық қазынасы» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге тілді дамытуға қатысты жарық көрген әдістемелік материалдар, ана тілімізді арттыруға бағытталған кітаптар, буклеттер қойылды. Көрме барысында оқушыларға ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының шығармалары таныстырылып, кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, «Бір Отан, бір тіл – Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпта эссе жазу, «Бабалар тілі - үміт бұлағы» тақырыбында мақал-мәтелдер сайысы, «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.
       Жас ұрпақтың   санасына сәуле ұялатар А.Байтұрсынұлы мұрасын ұрпақ санасына сіңіріп, «жүректеріне терең бойлату», өнегесінен таған тарту мақсатында   мектебімізде өткізіліп жатқан іс-шаралар  әлі де жалғасуда. Мереке құтты болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: