Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас маман, алға бас қадам" тақырыбында тренинг
18
қазан
2022
"Жас маман, алға бас қадам" тақырыбында тренинг
№ 67 жалпы білім беретін мектепте 18 қазан күні жас мамандармен "Жас маман, алға бас қадам" тақырыбында тренинг болып өтті. Онда жас мұғалімдер"Жетістікке жету жолдары" "Уақытты тиімді пайдалану" сияқты тапсырмаларды орындап, жүйелі жұмыс істеу жолдарымен таныса отырып өздерін дамытты, ұстаздық қызметтің қыр-сырларын тереңдете түсінді. Жас мамандарға кәсіби шеберліктің биік шыңына шыға беріңіздер деп тілек білдіреміз. Мектеп ұжымы.
«Бір мұғалім - бір кітап» тақырыбы бойынша семинар
06
қазан
2022
«Бір мұғалім - бір кітап» тақырыбы бойынша семинар
✓67 жалпы білім беретін мектеп кітапханашысы  Оспанова Әлия «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мұғалімдер арасында  «Бір мұғалім - бір кітап» тақырыбы бойынша семинар өткізді.  Мақсаты - әр бірлестік мүшелері оқушының болашағына қажет кітапты оқытуға  ұйымшылдықпен кірісу,  әдеби кітаптарға оқушылардың қызығушылығын арттыру.   Семинарда мұғалімдердің ой-өрістерін байқау мақсатында  викториналық сұрақтар қойылып,  өте қызықты да көңілді өтті.
" Ұстаздар мерекесі" қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді.
30
қыркүйек
2022
" Ұстаздар мерекесі" қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді.
«Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деп, ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай, №67 жалпы білім беретін мектептің өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты
“Кітап оқу “мәтініне байланысты шығармашылық жұмыстар
22
қыркүйек
2022
“Кітап оқу “мәтініне байланысты шығармашылық жұмыстар
Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 2 “Б” сынып жетекшісі Кусаинова Алуа өзінің күнделікті сабағында әдебиеттік оқу пәнін Жүсіпбек Аймауытовтың “Кітап оқу “мәтініне байланыстырып шығармашылық жұмыстар жасата отырып өткізеді. Алуа ұстаз сондай- ақ бұл жұмысты түрлендіріп көркем еңбек сабағына да қолданған екен. Мақсаты балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жұптық тапсырма қылып берсе де болады, бірақ әр бала өздері қиып, желімдеп 3D сияқты әдемі
Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің жабылу кеші
16
қыркүйек
2022
Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің жабылу кеші
Тіл –  ұлы қару. Тіл –  асыл құндылық. Тіл – керемет қатынас құралы.Тіл - халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр.Тіл мерекесіне орай №67 ЖББ мектебінде өткен онкүндіктің  әдеби-сазды жабылу кеші өтті.Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп  тіліміздің мәртебесін асқақтатты .Мектеп директоры Демеуова Бейбітгүл Нұрахметқызы оқушыларды марапаттап,  өнерлі шәкірттерге  шығармашылық  табыс тіледі. Өз тілімізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіру осы шарада айқын
«Тіл-ұлт қазынасы» атты танымдық-зияткерлік сайыс
16
қыркүйек
2022
«Тіл-ұлт қазынасы» атты танымдық-зияткерлік сайыс
Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден - бір міндеті болып табылады. Тілдер мерекесіне орай мектебімізде 16.09.2022 жылы күні «Тіл-ұлт қазынасы»атты танымдық-зияткерлік сайыс сабағы болып өтті. Сайысқа ат салысқан оқушыларды бақылай отырып, болашақ жастар тіліміздің абыройын асқақтататынын, биікке көтеретінін нық сеніммен айтқымыз келеді!
"Біліктілікті арттыру курстарының педагогтерге берері мол"  " тақырыбыда семинар өтті.
15
қыркүйек
2022
"Біліктілікті арттыру курстарының педагогтерге берері мол" "
Алмалы ауданы, №67 жалпы білім беретін мектепте ""Біліктілікті арттыру курстарының педагогтерге берері мол"  " тақырыбыда семинар өтті. Математика пән мұғалімі Маңғыбаева Жансая ҚМЖ жазудың заманауи талаптарымен, qalan.kz сайтын математика сабақтарында қолдану тәсілдерімен таныстырса ,Лесбаева Мөлдір мұғалім мен оқушының құзыреттілігі туралы айтып өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Базгаламова Аяужан инклюзивті оқытудың талаптары туралы жан -жақты мәлімет берді. Осы әріптестерімізге алғыс білдіре
Тілдер мерекесіне орай 5 сыныптар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
14
қыркүйек
2022
Тілдер мерекесіне орай 5 сыныптар арасында эстафеталық жарыс
Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, яғни бабалардан аманат болып келе жатқан күмбезді тілімізді саф күйінде келер ұрпаққа жеткізу біздің заманымыздың үлесінде. 14.09.2022 жылы күні мектебімізде  Тілдер мерекесіне орай 5 сыныптар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты:мемлекеттік тілдің дамуы жолында қазақ халқының әр перзентінің атқаратын қызметі мен қосатын үлесінің зор екендігін бала бойына сіңірту.