Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Ұстаздар мерекесі" қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді.
30
қыркүйек
2022

" Ұстаздар мерекесі" қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді.

«Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деп, ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай, №67 жалпы білім беретін мектептің өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін  ұстаздардың құрметіне " Ұстаздар мерекесі" қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздар құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ,мектеп оқушылары ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді. Мерекелік іс-шара жалғасы болып, «Жас ұстаз бен жалынды шәкірт» атты сайыс өткізілді. Мақсаты: ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайту, ұстаз мәртебесін арт тыру. Сайыста 5 жас ұстаз бен жалынды шәкіртіміз қатысып жүлделі орын мен номинацияларға ие болды!Жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!Ұстаздарды мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: