Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қадірлі ұстаздар! Мен сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!
02
қазан
2020

Қадірлі ұстаздар! Мен сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Қадірлі ұстаздар! 
Мен сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады. «Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. 
Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ дей келе сіздерді Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте білім алатын 7 «А» сынып оқушылары мен 10 «А» сынып оқушыларының құтықтауын қабыл алыңыздар.
https://www.facebook.com/100041743242748/videos/pcb.404285917639513/404285717639533/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: