Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахмединова Ленаның ұйымдастыруымен ыкшамсабақ өткізілді.
17
ақпан
2020

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахмединова Ленаның ұйымдастыруымен ыкшамсабақ өткізілді.

Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін не істейміз? Қандай жұмыстар жүргіземіз? деп, Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары әр түрлі әрекетке көшті. Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өз сабақтарының ең ұтымды тұстарынан елеп-екшеп оқу мақсаттарын жүзеге асыру әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахмединова Ленаның ұйымдастыруымен ыкшамсабақ өткізілді. Ықшамсабақта әріптестеріне оқушы бейнесінде тапсырма беріп, талдап бір сабақтың әр кезеңінен үлгі көрсетті. Айменбетова Айгерім сабақты ұйымдастыру мен қорытып берсе, Асипбек Мөлдір жаңа сабақты меңгертуге байланысты, ал Бегалиева Құралай жаңа білімді бекітуге байланысты әдіс- тәсілдерімен сабақтың құндылығын арттырды. Ал окушыларға сергіту сәтін Байманасова Индира сәтті көрсете білді. Білім сапасының нәтижесі тоқсан соңында, жыл соңында көрінетінін білетін ұстаздар, еңбектенуден еш шаршамайды.
Сабақ соңында ПШО-ның тренері Толықбаева Ғалия Нұрманқызы кері байланыс беріп, әріптестерге сәттілік тіледі. "Талапты ұстаздан, талантты шәкірт" шығатыны анық. Істеріңіз алға бассын, әріптестер!








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: