Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Есіңе мені алғайсың...» атты тамаша кездесу кеші өтті
06
ақпан
2020

«Есіңе мені алғайсың...» атты тамаша кездесу кеші өтті

Ақ ұлпа жерді жапқанда       
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың... иа, дәл осылай Ақиық Ақын Мұқағали Мақатаев өзі айтып өткендей 
Бүгін бозарып жеткен ақпанда, бозарып тұрған ақ таңда №67 жалпы білім беретін мектебіміздің төрінде «Есіңе мені алғайсың...» атты тамаша кездесу кеші өтті. Кешіміздің құрметті қонағы «Мұқағали» журналының редакторы Батық Мажитұлы Мұқан туралы бираз жаксы естеліктер айтып, оқушыларымызға рухани байлық сыйлады. Мектебіміздің оқушылары мен іс тәжірибеден өтіп жүрген жас студенттер Мұқағали Мақатаевтың тамаша өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, сахналық көріністерімен көрермен көзін тәнті етті. Кеш соңында мектебіміздің директоры Демеуова Бейбиткул Нурахметовна сөз алып, келген қонағымызға жылы лебізін білдірді.  Халықтың Мұзбалағы атанған Мұқағали мұралары халықтың жадында мәңгі қалмақ!





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: