Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ерлік ешқашан ұмытылмайды"
04
мамыр
2021
"Ерлік ешқашан ұмытылмайды"
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін  мектепте  9 мамыр Жеңіс күніне орай "Ерлік ешқашан ұмытылмайды"тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті. Сынып сағатында Ұлы Жеңіс туралы видеороликтер көрсетіліп, мазмұнды мәліметтер  берілді. Оқушылар салған суреттерін көрсетіп, алда келе  жатқан мерекемен ардагер ата, әжелерін  құттықтады.  Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!
Біз болашаққа жауаптымыз атты экологиялық жалпыреспубликалық апталық аясында өткізілген сынып сағаттары
28
сәуір
2021
Біз болашаққа жауаптымыз атты экологиялық жалпыреспубликалық апталық
67 жалпы білім беретін мектепте  6 а сыныбында " Жер туралы не білеміз" тақырыбында сынып сағатты өтті. Сынып жетекшісі Джумадилова Гулназ.  Сонымен қатар Қанатқызы Назеркенің жетекшілігімен 5 а сыныпта "Біз болашаққа жауаптымыз" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  #алмалыаудандықбілімбөлімі #алмалыаудандықбілімбөлімі67мектеп
"Чернобыль 20 ғасыр дерті" сынып сағаты
28
сәуір
2021
"Чернобыль 20 ғасыр дерті" сынып сағаты
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің  5 ә сыныбында "Чернобыль 20 ғасыр дерті " тақырыбында сынып сағаты өтті.  Сынып сағатында оқушыларға апаттың салдары туралы таныстырылым жасалып, оқушылар Чернобыль апатының салдары мен зиянын бағалап, талқылау жүргізді. Сынып  жетекшісі Абишева Айнур #алмалыаудандықбілімбөлімі#алмалыауданы67 мектеп#67мектеп
Чернобыль ХХ ғасырдың қасіреті
27
сәуір
2021
Чернобыль ХХ ғасырдың қасіреті
#67 жалпы білім беретін мектептің 5-11сыныптар аралығында "Чернобыль ХХ ғасырдың қасіреті" тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатта оқушылар Чернобыль апатының азамзатқа әкелген қайғы-қасіреті мен шығындарын бағалап, талдау жұмыстарын жүргізді.
Іс-тәжірибе тарату
26
сәуір
2021
Іс-тәжірибе тарату
          Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің ұжымында  үлкен қуаныш. ⠀ Әріптестеріміз Елеубаева Перизат пен Қусайнова Алуаның "Бастауыш сыныптарда күнделік.kz. жүйесін тиімді пайдалану жолдары" және  " Заманауи балалардың әдебиеттік оқу сабақтарындағы айтылым дағдысын дамыту жолдары" атты оқу- әдістемелік құралдары жарық көрді. ⠀ Бұл үлкен шығармашылық еңбек. Ұстаздарға болашақта шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін деп тілек айтамыз. Мектеп ұжымы.
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
15
сәуір
2021
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
«Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деген орыс жазушысы Л.Толстой. Бұл сөздің жаны бар.  Кітап – құндылық. Ол адамды көбірек ойға жетелейді. Албырт сезімімізді тежеуге, ішкі ойлау күшімізді арттыруға себеп болады. Кітап – дос, жұбатушы әрі басшылық қабілетті арттыратын құрал екені сөзсіз. Осы орайда Алматы қаласы, Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте "Оқуға құштар мектеп" жобасының жұмысы жоспарланды. Бұл жоспардан бастауыш сыныптар да шет қалмады. 1-4 сыныптар
“ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ-АТА-АНА ҮНІ” ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
10
сәуір
2021
“ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ-АТА-АНА ҮНІ” ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
“ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ-АТА-АНА ҮНІ” ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ №67 ЖББМ КММ 10.04.2021ж күні кезекті «Директорлық сенбі-ата-ана үні» онлайн кездесуі 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен болып өтті. ⠀ Күн тәртібінде: 1. 11 сыныптардағы қорытынды ҰБТ –дағы өзгерістер туралы. 2. ҰБТ кезіндегі ата-аналарға психологиялық кеңес беру. ⠀ Онлайн кездесу барысында ҰБТ –дағы өзгерістер туралы ақпараттар айтылып және мектеп психологы Омарбекова Ләззат Диханбайқызы ата-аналарға психологиялық кеңестер ұсынды. ⠀
"Террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған  кезде бастапқы ден қоюды ұйымдастыру" тақырыбындағы бейнеқұрал.
09
сәуір
2021
"Террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде бастапқы ден
"Террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде бастапқы ден қоюды ұйымдастыру" тақырыбындағы бейнеқұрал
"Тарих ата" республикалық қашықтық олимпиадасының 1 орын жеңімпаздары
09
сәуір
2021
"Тарих ата" республикалық қашықтық олимпиадасының 1 орын жеңімпаздары
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектептің  9сынып оқушылары Ахметов Мейіржан, Сейтнұр Мерей, Муратхан Еркежан және 5сынып оқушылары Жанатұлы Алихан, Киинбаев Алихан  "Тарих ата" республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.  Орындарыңыз құтты болсын құрметті оқушылар! Бағындырар белестеріңіз көп болсын!
1-11сыныптар " Қош келдің, әз Наурыз " атты сынып сағаттарын өткізді.
19
наурыз
2021
1-11сыныптар " Қош келдің, әз Наурыз " атты сынып сағаттарын өткізді.
19.03.2021 күні Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте 1-11сыныптар " Қош келдің, әз Наурыз " атты сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатында оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін қастерлеуге ұлттық ойындарын, әдет-ғұрыптарын, отбасы құндылықтарын  ұстануға  баулыды.  Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!!!  #наурызқұттыболсын  #алмалыауданы67мектеп  #школа67