Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
15
сәуір
2021

“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ

«Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деген орыс жазушысы Л.Толстой. Бұл сөздің жаны бар.  Кітап – құндылық. Ол адамды көбірек ойға жетелейді. Албырт сезімімізді тежеуге, ішкі ойлау күшімізді арттыруға себеп болады.

Кітап – дос, жұбатушы әрі басшылық қабілетті арттыратын құрал екені сөзсіз. Осы орайда Алматы қаласы, Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте "Оқуға құштар мектеп" жобасының жұмысы жоспарланды. Бұл жоспардан бастауыш сыныптар да шет қалмады. 1-4 сыныптар арасында "Досыма кітап сыйлаймын", "Кітап - білім бұлағы" тақырыбында челлендж эстафетасы өткізілді.

Оқушылар өздері оқыған кітаптары мен сүйікті пәндерін тілге тиек етіп, челленджге белсене қатысты. Білім көзі, өмір ұстазы саналатын рухани азықты оқудан шаршамаңдар дегіміз келеді.

#алмалыауданыбілімбөлімі #алмалыауданы💪 #алмалыауданы67мектеп #myschool67 #школа67 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: