Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
23
қараша
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетіндігі белгілі болған. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу
“Білімділер бәйгесі” атты сайыс
22
қараша
2022
“Білімділер бәйгесі” атты сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектебімізде 22.11.2022 ж күні 6-сыныптар арасында “Білімділер бәйгесі” атты сайыс болып өтті. Сайыс қызықты әрі тартысты болды. Сайыс барысында оқушылар өздерінің жүйріктіктерін көрсетті. Сайыстың нәтижесі бойынша 1-орынды 6 б сыныбы, 2-орынды 6 ә сыныбы иеленді. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. https://www.instagram.com/reel/ClqRQ_TosHZ/?igshid=NDk5N2NlZjQ=
“Абай күні” болып өтті.
22
қараша
2022
“Абай күні” болып өтті.
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 22.11.2022 жылы Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Абай күні” болып өтті. Мектебіміздің барлық қызметкерлері белсене ат салысып, оқушыларға үлгі көрсетті. https://www.instagram.com/reel/ClYJIIhos-F/?igshid=YmMyMTA2M2Y=  
"Қоғамда тәртіпті кім сақтайды?" тақырыбында түсіндірме жұмыс
18
қараша
2022
"Қоғамда тәртіпті кім сақтайды?" тақырыбында түсіндірме жұмыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Найзабекова Жаухар Сабитқызы,  мектеп психологы Омарбекова Ләззат Диханбайқызы, мектеп инспекторы Жандарбековна Жолбарыс және 7.8.9 сыныптың сынып жетекшілері  бірлесе отырып "Қоғамда тәртіпті кім сақтайды?" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Жас маман: табысқа апарар жол" тақырыбындағы форум
17
қараша
2022
"Жас маман: табысқа апарар жол" тақырыбындағы форум
#67 жалпы білім беретін мектепте "Жас маман: табысқа апарар жол" тақырыбында өткен өңірлік форумға қатысып келген география пән мұғалімі Қалаубай Қарлығаш, математика пән мұғалімі Уринбоева Перизат және бастауыш сынып мұғалімі Заитова Тоғжанның  тәжірибе бөлісуге арналған шарасы өтті. Әріптестер инновациялық әдіс- тәсілдерді іс жүзінде көрсете отырып, оқу платформаларымен таныстырды. Мұғалімдер үшін тиімді өткен тәжірибе алмасу барысына ұжым мүшелерінің ризашылығы жоғары болды. Жас ұстаздарға
Жұмыспен қамту орталығынан түсіндірме жұмыс
16
қараша
2022
Жұмыспен қамту орталығынан түсіндірме жұмыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы № 67 жалпы білім беретін мектепте жұмыспен қамту орталығынан Жакупова Еркеш Садыққызы келіп 9,11 сынып оқушыларына  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
15
қараша
2022
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
Мектебімізде 15.11.2022 ж күні 5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі” атты сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар қызығушылықпен белсенділік танытты. Олардың жауаптарына тәнті болдық. Сайыстың нәтижесінде 1-орынды 5 Б сыныбы, 2-орынды 5  Ә сыныбы иеленді. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. 
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН"  қалалық слеті
11
қараша
2022
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН" қалалық слеті
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН" атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінің аясында ұйымдастырылған білім алушылардың әлеуметтік жобаларының көрмесіне қатысып, 9а сынып оқушысы, мектеп президенті Құлшынбек Замира белсенді қатысушы сертификатымен марапатталды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
09
қараша
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
#67 ЖББМ кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша ертегілер елінде саяхат сабақ ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқушыларды ертегі оқуға баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Ертегі халық-даналығының қайнар көзі болғандықтан ертегі оқуды әдетке айналдырған 3 "А" сынып оқушысы Асылбекқызы Айарудың оқыған  ертегісін  мазмұндауынан көрініс.  Айару, осындай көріністерді сомдау арқылы шығармашылығыңды шыңдап, өнеріңді үстем  етіп, биіктерден көріне бер!