Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы
23
қараша
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетіндігі белгілі болған. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру барысында біздің мектебімізде әр сейсенбі күні сынып сағатының 20 минуты аясында “оқуға құштар мектеп” жобасы жүзеге асады. 2-11 сыныптар аралығында әр сыныпқа түрлі жанрда шығармалар беріліп отырады. Атап айтсақ:
Б. Момышұлы “Ұшқан ұя”, 
С. Мұратбеков “Жусан иісі” 
Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”
С. Мұқанов “Сұлушаш” 
Ш. Мұртаза Ай мен Айша” тағы басқа жазушылардың шығармалары сыныптарда оқылып, талқыланып жатыр. Мектебіміздің директоры Бейбіткүл Нұрахметқызы мен директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Жауһар Сәбитқызы әр сынып сағатына кіріп, түрлі тәсілде өткізіліп отырған дебат, сұхбат, ойын түрлері т.б аталған туындыларды тамашалап, қорытыныдылап, кері байланыстарын беріп өтеді. Осылайша, Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен басталған жоба өз жалғасын таба бермек. Демек, елімізде ұлтжанды, патриот, рухани бай, сауатты жастардың саны көбеймек!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: