Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы, Алмалы ауданы 67 мектепте бастауыш 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырыл­ған Абай оқуларының қорытындысы төмендегідей:
28
қаңтар
2021

Алматы қаласы, Алмалы ауданы 67 мектепте бастауыш 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырыл­ған Абай оқуларының қорытындысы төмендегідей:

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз, – деген ұлы ғұ­ла­маның арманды ойы мұратына жетіп, өресі биік өрелі сөзі өз тыңдаушысын елдің ертеңі – жас ұрпақ қатарынан табуы – береке бастауы екені анық. Қазақстанның үкісі желбіреген үміті, үл­біреген асыл арманы, жарқын болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың халықтың ұлы ұстазы Абайды оқуы, оның жауһар туындыларын жаттап өсуі, Абайдың әлі күнге дейін алыс тұрмақ өз елі, өз халқының біраз бөлігі үшін жұмбақ күйінде қалып отырған сырлы да мұңды әлемін зерттеуге деген ұмтылысы - елдің өркендеуі мен мемлекеттің дамуы үшін теңдессіз рухани байлық, үлкен игілік. Қазақ­стан­ның әрбір жаңа буын жас өркені Абай мұ­расынан нәр алып, оның жауһар сөздерін, асқақ поэзиясын, терең философиясын бойы­на сіңіріп өсуге тиіс. Осындай ізгі мақсатпен Алматы қаласы,  Алмалы ауданы 67 мектепте бастауыш 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырыл­ған Абай оқуларының қорытындысы төмендегідей:
Бас жүлде
1) Рауанұлы Сұлтан 1 "А"
1-орын
1) Тынбаева Еркежан 2 "А"
2) Әбдірәсіл Дарын 1 "Ә" 
2-орын
1) Рауанұлы Алинұр 2 "А"
2) Топарбек Абылай 1 "Б"
3) Жаңаша Аймира 2 "Б"
3-орын 
1) Байтоқ Қуанышкелді 4 "А"
2) Сейілхан Арайлым 4 "Ә"
3) Нургали Абылай 3 "Б"
Абай оқулары арасында белсенділік танытып, қатысқан оқушыларымыз да аз емес. 
Олар: 
1) Құрмансейіт Арлан
2) Хайрулла Ерасыл
3) Ерұлан Әлсахи
4) Руслан Темірлан
5) Қайрбек Айару
6) Ахмет Ибраһим
7) Ерланқызы Фатима
8) Сапаш Сабина
Ұлылардың өлеңін жаттап, сырына үңілген мұндай жас буындарымыздың тартынбай сөйлер асыл азамат болып өсетініне сенеміз. Болашақтарың жарқын болып, өнерлерің өрге жүзсін, балалар. 
https://www.facebook.com/100041743242748/videos/pcb.502725581128879/502724894462281/​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: