Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайыс
29
қараша
2022
“Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте өтіп жатқан апталық аясында оқушылардың білім сапасын арттыру, алған білімдерін кеңейту, тереңдету мақсатында математика пәнінен 6-сыныптар арасында “Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайысы болды. Сайыс өте тартысты әрі бәсекеге толы болды. Пәнге деген қызығушылық, ынталандыру мақсатында берілген тапсырмалар өте тиімді әрі қызықты болды. Пән мұғалімі Уринбоева Перизатқа және оқушыларына шығармашылық табыс тілейміз.
"Химиктер қатарына қабылдау" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
25
қараша
2022
"Химиктер қатарына қабылдау" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте ғылыми жаратылыстану пәндері апталығы аясында химия пәнінен "Химиктер қатарына қабылдау" тақырыбында интеллектуалдық сайыс болып өтті. Бірнеше кезеңнен тұратын шара оқушылардың химия пәнінен білімдерін кеңейту,пәнге қызығушылығын арттыру бағытында  өте тиімді болды. Әріптесіміз химия пәні мұғалімі Алимбекова Бағилаға  және шәкірттеріне білім шыңына биіктей беріңіздер деп тілек білдіреміз!
"Инфо Start" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
24
қараша
2022
"Инфо Start" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте ғылыми жаратылыстану пәндері апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Кажиакперова Аяужанның "Инфо Start" тақырыбында интеллектуалдық сайысы өтті. 5 сыныптарда өткен сайыс оқушылар үшін өте қызықты, тартымды болды. Әріптесіміз Аяужанға шығармашылық табыстар тілейміз!
5-10 сыныптардың қыз балаларына “Нәзік жандар” тақырыбында қыздар жиналысы
24
қараша
2022
5-10 сыныптардың қыз балаларына “Нәзік жандар” тақырыбында қыздар
Алматы қаласы Алмалы ауданы № 67 жалпы білім беретін мектепте 24.11.2022 ж күні 5-10 сыныптардың қызбалаларына “Нәзік жандар” тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналыста  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Найзабекова Ж.С мектеп формасы, сабақтан қалмау, кешікпеу туралы қыздармен әңгіме жүргізді. “Өзін-өзі басқару” ұйымының кеңес мүшелері қыздардың жеке басының гигиенасы туралы түсіндіріп, арнайы бейнематериалдар көрсетті.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы жүргізілді
23
қараша
2022
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы жүргізілді
Алматы қаласы Алмалы ауданы № 67 жалпы білім беретін мектепте мектеп инспекторы Жандарбеков Жолбарыс 9.10.11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
“Абай күні” болып өтті.
22
қараша
2022
“Абай күні” болып өтті.
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 22.11.2022 жылы Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Абай күні” болып өтті. Мектебіміздің барлық қызметкерлері белсене ат салысып, оқушыларға үлгі көрсетті. https://www.instagram.com/reel/ClYJIIhos-F/?igshid=YmMyMTA2M2Y=  
"Қоғамда тәртіпті кім сақтайды?" тақырыбында түсіндірме жұмыс
18
қараша
2022
"Қоғамда тәртіпті кім сақтайды?" тақырыбында түсіндірме жұмыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Найзабекова Жаухар Сабитқызы,  мектеп психологы Омарбекова Ләззат Диханбайқызы, мектеп инспекторы Жандарбековна Жолбарыс және 7.8.9 сыныптың сынып жетекшілері  бірлесе отырып "Қоғамда тәртіпті кім сақтайды?" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жұмыспен қамту орталығынан түсіндірме жұмыс
16
қараша
2022
Жұмыспен қамту орталығынан түсіндірме жұмыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы № 67 жалпы білім беретін мектепте жұмыспен қамту орталығынан Жакупова Еркеш Садыққызы келіп 9,11 сынып оқушыларына  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
15
қараша
2022
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
Мектебімізде 15.11.2022 ж күні 5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі” атты сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар қызығушылықпен белсенділік танытты. Олардың жауаптарына тәнті болдық. Сайыстың нәтижесінде 1-орынды 5 Б сыныбы, 2-орынды 5  Ә сыныбы иеленді. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. 
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН"  қалалық слеті
11
қараша
2022
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН" қалалық слеті
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН" атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінің аясында ұйымдастырылған білім алушылардың әлеуметтік жобаларының көрмесіне қатысып, 9а сынып оқушысы, мектеп президенті Құлшынбек Замира белсенді қатысушы сертификатымен марапатталды.